Мәдениет

Димаш "Әлем аруы-2018" байқауында қазақстандық сұлуға қолдау көрсетпек

© Photo : Министерство культуры и спорта / Никита БасовДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші өзінің желідегі оқырмандарына алдағы жоспарлары туралы айтты

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән орындайды. Бұл туралы ол өзінің парақшасында жазды. 

Димаш Құдайберген мен әкесі Қанат Айтбаев - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Қазақстандамыз". Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді

"Сіздермен "Әлем аруы-2018" байқауында көрісетін боламыз. 8 желтоқсан күні "Әлем аруы" байқауында ән шырқаймын. Жолыққанша!" — деп жазды Құдайберген.

Әншінің қандай ән орындайтыны туралы ақпарат "Әлем аруы" байқауының Instagram желісіндегі парақшасында жазылған.

"Әлем аруының" финалы Димаштың ән айтатынымен ерекшелене түспек! Қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін орындайтын болады. Бұл — Димаштың өзінің композиторлық туындыларының бірі", — деп хабарлады Қазақстандағы ұйымдастырушылар.

"Әлем аруы-2018" байқауының финалы Қытайдың Санья қаласындағы Хайнань аралында 8 желтоқсан күні өтеді.

Жуырда байқаудың ресми парақшасында онлайн дауыс беру басталды.

Бұл жолы "Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын қарағандылық Екатерина Дворецкая қорғайды.

Жаңалықтар
0