19:24 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Димаш Құдайберген

"Нағыз патриот!". Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео

© AFP 2018 / GREG BAKER
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
349510

Қазақстандық Екатерина Дворецкая үздік отыздықтың құрамына кіре алмады

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында "Ұмытылмас күн" атты өз әнін орындады.

Күні кеше "Әлем аруы-2018" байқауы аяқталып, жүзден астам ару ішінен 26 жастағы мексикалық Ванесса Понсе де Леон жеңіске жетті. Ол өз елінде "Мексикалық топ модель" байқауының бесінші маусымының жеңімпазы.

Аталған байқауға 18-26 жас аралығындағы 118 мемлекет өкілі қатысты. Олардың арасында дәрігерлер, ұстаздар, журналистер де бар.

Қазақстандық Екатерина Дворецкая үздік отыздықтың құрамына кіре алмай, байқаудан шығып қалды. Белгілі әнші Димаш Құдайберген осы байқауда отандасына қолдау білдіріп, қазақ тілінде өз туындысын орындады.

"Дайындалып жатырмыз. Біздің қызға сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан!" — деп жазды әнші.

Әлеуметтік желі қолданушылары әлемдік деңгейдегі байқауда қазақ тілінде ән салған Димашқа қошемет сөздерін жарыса жазып жатыр.

"Тамаша… Димашқа сөзім жоқ! Осындай байқауда қазақ тілінде ән шырқалып жатыр. Бұл бала жарады", "Жаным кіріп жатыр. Нағыз қазақстандық! Нағыз патриот! Кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұр", "Жаратқан Қазақстанға тамаша ұл сыйлады. Туған елін сондай қатты жақсы көреді. Бүкіл әлемнің алдында қазақ тілінде ән салды. Жер бетінде ешкім дәл бұлай өз мемлекетін танытқан жоқ. Браво, Димаш" деп жазды желі қолданушылары.

Тақырып бойынша

Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады
Димаш Құдайберген Ресейдегі танымал телебағдарламада қонақта болды
Димаш Құдайберген "Песня года" концертінде Ресей халқын тағы да тәнті етті – видео
Данэлия неліктен Димаш ұсынған ақшадан бас тартқанын түсіндірді
Димаш ресейліктерді дауысымен тағы таңғалдырды – видео
Димаш Құдайберген Лондонда қазақ тілінде сұхбат берді
Димаш Құдайбергеннің Лондондағы қайталанбас шоуы: қалай өтті?
Кілт сөздер:
Әлем аруы, мемлекет, байқау, желі қолданушылары, әнші, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырыптар