Мәдениет

Димаш халықаралық кинофестивальде "Титаниктегі" әнді орындады

© Sputnik / Виктор ТолочкоДимаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші Селин Дионның "My heart will go on" әнін шырқады

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хайнань аралындағы халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті.  

Әнші әйгілі "Титаник" фильмінің саундтрегін орындады, оның видеосын Димаш әлеуметтік желілердегі парақшасына жүктеді. 

Сондай-ақ ол өзінің кинофестивальдің қызыл кліемімен жүріп өткен сәтінен фото жариялады.

Әншінің шығармашылығын бақылап отырған жанкүйерлер Димаштың кинофестивальдегі видеосын бөлісіп жатыр.  

Қазақстандық орындаушы Қытайдың "Singer" шоуына қатысқаннан кейін кеңінен танымалдылыққа ие болды.

Қарашаның соңында Димаштың Лондондағы жеке концерті табысты өтті.

© Photo : AFP 2018 / GREG BAKER Димаш Құдайберген "Әлем аруы— 2018" байқауының қатысушыларымен бірге
Димаш Құдайберген Әлем аруы— 2018 байқауының қатысушыларымен бірге - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайберген "Әлем аруы— 2018" байқауының қатысушыларымен бірге

Сондай-ақ 8 желтоқсанда әнші Қытайдың Санья қаласында "Әлем аруы— 2018" байқауының финалында өнер көрсетті. 

© Photo : Мәдениет және СПОРТ министрлігі / НИКИТА БАСОВ Димаштың Лондондағы концерті
Димаштың Лондондағы концерті - Sputnik Қазақстан
Димаштың Лондондағы концерті

 


Жаңалықтар
0