Мәдениет

Дастан Оразбеков әкесіне темекі бермей қойғаны үшін өкініп, көзіне жас алды

CC0 / Жако Аманов / Дастан Оразбеков, қазақстандық танымал әнші
Дастан Оразбеков, қазақстандық танымал әнші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші 27 жасқа келгенде әкесі өкпе ауруынан көз жұмған

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Дастан Оразбеков әлі күнге дейін әкесінің соңғы тілегін орындамағаны үшін өкінетінін айтты. Бірақ, әнші дәл сол күні соңғы сапарға аттанарын білгенде, сөзін жерге тастамайтын едім деп отыр. 

Дастан Оразбековтың әкесі ол 27 жасқа келген кезде қайтыс болған. Әншінің айтуынша, жаман ауруға шалдығып, біраз уақыт емделіпті. Ол әкесінің жиі қайталаған өсиетін айтып берді.

Димаш Құдайберген, қазақстандық танымал әнші - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Лұқпаннан Майкл Джексонға дейін". Димаштың стилі қалай өзгерді?
"Біздің әкеміз өте кең адам болған. Мен үшін ол ұлы, қайталанбас тұлғалардың бірі. Әкемді қайтыс болатын күні ауруханаға мен алып кеткендіктен, әлі күнге дейін ол туралы сөз қозғағанда көңілім босайды. Ауруханаға бірге келіп, үйге әкемсіз қайттым. Қатты түңілдім. Әкем "25 жасқа дейін сенде мәңгілік дос болады, одан кейін болмайды. Бауырдан артық ешкім жоқ" деп жиі айтатын. Осы ойымен келіспеген кездерім болды. Мен оны мың рет талқыладым", — дейді әнші Гәкку арнасының "Шыны керек" бағдарламасында.

Десе де, Дастан Оразбеков, соңғы 11 жыл ішінде және 25 жасына дейін жолыққан достарының арасы жер мен көктей екенін жасырмайды. Кейінгілері әншіні бар қалпында қабылдап, жанына көбірек сенім ұялатады екен. Сондай-ақ, әнші өмірде қиналған сәтте бірінші болып бауырларының қасынан табылатынын айтады.

Тағы оқыңыз:

"Астана қаласында жүріп ауырып қалсам, үйге бармауға тырысамын. Себебі, ауру балаларға жұғады деп қорқамын. Мұндайда анамның үйіне келіп еркелеп, уколды да салдырып, дәріні де ішіп жатамын. Осы сәтте бауырдан артық адам жоқ екенін жақсы түсінемін. Меніңше, мұндайды бауыр ғана істей алады", — дейді ол.

Мұнымен қатар, әнші әкесінің соңғы сапарға аттанардағы жалғыз тілегін еске алды. Бұл тілегін орындамағаны үшін әлі күнге дейін өкінеді екен. Осы орайда ол бала Дастанға өткенге өкінбей, ештеңеге қарамастан алдына қойған мақсатына жетуге кеңес берді.

Ұлы дала комедиясы фильмінің тұсаукесері - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Ағайын, итеріп жіберейін бе?" Төреғали Төреәлі жұртқа жаңа қырынан танылды
"Әкем "Бір темекі шеккізші" деді. Ол кісінің өкпесі ауыратын еді. Сол күні тамағын бергенім есімде. Ал өтінішіне "Жоқ, әке" деп жауап бердім. Ешқандай бала әкесінің денсаулығы одан бетер нашарлап кеткенін қаламайды деп ойлаймын. Осы үшін әлі де өкінемін. Мұның орнына "Ақыры кетеді екен, бір темекісін шегіп алғаны дұрыс қой" деп ойлаймын қазір", — деп көзіне жас алды.

Әнші ата-анасына берген тәрбиелері мен жасаған жақсылықтары үшін алғыс айтты. Бала күнінде отбасымен бірге күнде кешке Жаңатас қаласындағы көлге барып шомылатын болған екен. Осы секілді естеліктер балаларында да болуы үшін аптасына кемінде бір рет бірге киноға немесе өзге де қызықты жерлерге баруға тырысады.

Жаңалықтар
0