04:58 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
4488 0 0

Жуырда Мөлдір Әуелбекова Құрмет орденімен марапатталды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев жуырда Құрмет орденімен марапатталған әріптесі үшін қуанышты екенін айтып, мұндай марапат үшін кезінде жасы үлкендердің таласқанын еске алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай Мөлдір Әуелбекова Құрмет орденімен марапатталды. Сахнада жүрген 15 жылдығын үлкен концерт беріп атап өткен әнші Алматының төрінде әріптестерінің басын қосып, той жасады. Той қонағы болған  "Музарт" тобының белді мүшесі Мейрамбек Беспаев "Мөлдір жас болса да, бұл сыйлыққа лайық" дейді. Сондай-ақ, ол мұндай атақтың қартайған шақта берілгені дұрыс еместігін айтып өтті.

"Шындығында, бұл атақты бұрынғы заманда адам өлейін деп жатқанда немесе өлгеннен кейін беретін. Бірақ қазір Құдайға шүкір өз мемлекетіміз бар. Өзімізден шығып жатқан алтынды неге біздің дарынды қыздарға бермеске?! — дейді әнші 31 арнаның "" бағдарламасында.

Сондай-ақ, ол өзінің де, әріптестерінің де бұл атақты жоғары бағалайтынына тоқталды. Үкімет тарапынан мұндай атақ берілгенде әртістің жауапкершілігі артатынын айтады.

"Қартайғаннан кейін мұның керегі жоқ. Талай-талай осы атақ үшін қырылысқан көкелерімізді көрдік. Бір-бірін жолын кесіп жатқандар да болды. Өкпелеген жандар да кездесті. Сонда "Әттеген-ай, біздің үкімет осы атақты қимады ма?!" деген ойлар да болған. Бірақ, әрине, атақ үшін жұмыс істемейсің. Әнді елің үшін айтасың", — дейді ол.

Десе де ол үкімет тарапынан берілген атақтың өзіндік артықшылықтары болатынын жасырмады. Себебі, мұндай атақ алған өнерпаздардың жауапкершілігі артып қана қоймай, өзін кез келген ортада тәртіпті ұстауға тырысады. Осы орайда Мейрамбек Беспаев әріптестеріне мұндай атақ берілген кезде тек қуанатынын жеткізді.

Ал әнші Ернар Айдар мұндай үлкен марапаттан үмітті екенін жасырмады. Оны иеленген кезде бойда шабыт артып, әртістің өнеріне басқа бір леп алып келетінін айтады.

Тағы оқыңыз: 

"Беріп жатса күшті ғой! Ағамыз айтқандай халық үшін жұмыс істейміз. Мұндай марапатты Мөлдірдің иеленгеніне қуаныштымын, тілекшімін! Мұның өзі ерекше жағдай деп білемін", — дейді ол.

Сондай-ақ, "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов мұндай атақ алу үшін тек еңбектену қажеттігін, адам жасының ешқандай рөл ойнамайтынын айтты. 

Тақырып бойынша

"Мақпал мені сыйламады". Сәкен Майғазиев бағдарламадан неге кетіп қалғанын түсіндірді
"Құйыршық болғанды қояйық!". Майғазиев шетелдік жұлдыздарды әспеттейтіндерге ашуланды
"Қаным басыма шапты". Майғазиев өнердегі ағасына неге жұдырық жұмсағанын түсіндірді
"Ағайын, итеріп жіберейін бе?" Төреғали Төреәлі жұртқа жаңа қырынан танылды
"Анамның жетістігі". Қайрат Нұртас фильмінің Америкада көрсетілгенін айтып мақтанды
"Апа деп жүгіруші еді". Мақпал Жүнісова Медеу Арынбаевқа неге ренжігенін айтты
"Лұқпаннан Майкл Джексонға дейін". Димаштың стилі қалай өзгерді?
Кілт сөздер:
атақ, Тәуелсіздік күні, той, орден, әнші, Мөлдір Әуелбекова, Ернар Айдар, Мейрамбек Беспаев
Загрузка...

Басты тақырып