06:39 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайбергеннің әні Ресейде тағы да топ жарды – видео

© Sputnik / Максим Блинов
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
4235 0 0

Ресейлік телеарнаның YouTube парақшасында жарияланған Димаштың видеосын 2 миллион 258 мыңнан астам адам тамашалапты

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің "Грешная страсть" әнін орындаған сәті "Россия 1" арнасының 2018 жылғы ең танымал видеосы болды.

Телеарнаның ресми YouTube парақшасында видеоны екі миллионнан астам адам тамашалаған.

Қыркүйек айында Димаш Құдайберген "Новая волна" халықаралық байқауында көрермендерді тәнті етті.

Сахнада құрметті қонақ ретінде өнер көрсеткен жас әнші дауысымен жиналған жұрттың жүрегін жаулап алды. Димаштың дарынын Филипп Киркоров, Николай Басков және Игорь Крутой сынды ресейлік әртістер мойындаған. Кейінірек отандасымыз "Субботний вечер" бағдарламасында ән шырқады.

Қараша айында Димаш алғаш рет Кремль сахнасында ән айтты. Оның орындауындағы "Любовь уставших лебедей" әнін композитор Игорь Крутой сүйемелдеген. Димаштың Кремльдегі алғашқы жеке кеші 22 наурызда өтеді, билеттер қазірден бастап сатылып жатыр.

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a singer жобасынан кейін бүкіл әлемдік танымалдыққа ие болды. Байқауда екінші орын алған жас әнші миллиондаған тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Аспан асты елін аузына қаратқан ол Лондонда жеке концерт беріп, Ресейдің ірі сахналарында өнер көрсеткен.

Димаштың вокалдық диапазоны – бес октава, төрт нота және бір жарты тон.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген Қытайда басты жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты
Астанада Димаш Құдайберген мен Алина Сансызбай бірге ән шырқады – видео
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальде "Жыл әншісі" атанды
Димаш Құдайберген Кремльде жеке концерт береді
Димаш енді Америка сахнасында ән шырқайды — видео
Димаш хас сұлулардың ортасында: "Әлем аруы-2018" байқауының ең үздік сәттері
Димаш халықаралық кинофестивальде "Титаниктегі" әнді орындады
"Нағыз патриот!". Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео
Кілт сөздер:
ән, видео, Димаш Құдайберген, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып