Мәдениет

Димаш Қытайдағы тағы бір танымал байқауға шақырылды

Жазылу
Бірақ бұл жолы Димаш қатысушы емес, қазылар алқасы ретінде барады

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық белгілі әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы әншілер сайысының байқауына әділқазы алқасының мүшесі ретінде шақырылды. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген, танымал қазақстандық әнші - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы не ойлайтынын айтты
"Hunan арнасындағы білімді вокал шеберлері сайысатын "Супер дауыс" байқауының түсірілім жұмыстарына бара жатырмыз. Мен қазылар алқасы құрамындамын. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін", — деді Димаш.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде отандастарының жетістігі үшін қуанышты екендерін жеткізді. Арасында мұның Димаш үшін үйреншікті жағдай екенін, осы уақытқа дейін халықаралық деңгейдегі байқауларға өнерді бағалаушы ретінде қатысқанын айтқандар да болды.

"Құттықтаймын, Димаш! Алғаш рет байқауда қазы болып отырған жоқсың, тәжірибең бар. Саған сәттілік!", "Димашжан, құтты болсын! Абыройың асқақтай берсін! Жаратқан Алла өзіңе жар болсын. Алланың нұры жаусын!", "Бақытты бол! Сен бұған лайықсың" деп жазды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыз:

Hunan TV арнасы Қытайдың көп бөлігінде, Макао, Гонконг және Тайваньда көрсетіледі. Телеарна "Бақытты лагерь", "Әке, біз қайда барамыз?", I аm a Singer және Day Day Up сынды шоу бағдарламаларымен танымал. Олардың біріне Димаш Құдайберген қатысып, екінші орынды иеленген еді.

Жаңалықтар
0