15:13 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген америкалық шоу басталардан бір ай бұрын байқаудың үздігі атанды

© Sputnik / Виктор Толочко
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
321 0 0

Димаш Құдайберген қатысатын жаңа жоба CBS арнасында 3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген басталуына әлі бір ай бар америкалық дарындылар байқауының үздігі атанды.

CBS телеарнасында 3 ақпанда жаңа ірі жоба The World's Best ("Әлемнің үздіктері") басталады. Ұйымдастырушылар The Voice ("Дауыс"), America's Got Talent ("Америкада дарындылар бар"), The X Factor байқауларынан кем түскісі келмейді.

Ресми көрсетілімге бір ай қалғанда интернетте шоудың үзінділері жариялана бастады. Байқау басталмай жатып фанаттардың сүйіктісі белгілі болды, деп жазды Meaww басылымының тілшісі Рейчел Виндзор.

"Қысқа видеотрейлерде Димашты көрсеткеннен кейін, фанаттар шоуды асыға күтіп жүргенін айтты. Тыңдармандардың пікірінше, Димашқа ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, оған бүкіл әлем бас иген", - дейді Виндзор.

Димашты Қазақстанда ғана емес, Перуден бастап Оңтүстік Африкаға дейін барлық елде жақсы көреді, деп атап өтті автор.

"Димашқа өз ана тілінде ән шырқаған ыңғайлы сияқты. Бірақ енді ағылшын тілінде айтқанын көреміз, сол кезде оның қабілетіне куә боламыз. Әзірге бірнәрсе анық: ол жеңілетін болса, табынушылары қатты қамығады", - деп санайды тілші.

Димаш Қазақстан атынан қатысып отырған жалғыз әнші емес. "Голос. Дiти" байқауының жеңімпазы, "Балалар Евровидениесіне" қатысушы Данэлия Төлешова да бұл конкурста бағын сынамақ.

CBS арнасындағы бағдарламаны комик Джеймс Корден жүргізеді, ал әділқазылар алқасында – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар үш жюриді ғана емес, әр саланың 50 сарапшысын таңғалдыруы тиіс.

Бағдарлама барлығы 10 бөлімнен тұралы. Жобаны ұйымдастырғандар: American Idol ("Америкалық идол") атқарушы продюсері Майк Дарнелл мен The voice атқарушы продюсері Марк Бернетт.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген Қытайдағы сән апталығын әнмен ашты – видео
Димаш ұстазын тосынсый жасап қуантты — видео
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы не ойлайтынын айтты
Димаш Құдайбергеннің әні Ресейде тағы да топ жарды – видео
Димаш Құдайберген Жаңа жыл түні қазақстандықтарға сый жасайды
Димаш Құдайберген Қытайда басты жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты
Димаш пен Данэлия Төлешова Америкада әлемдік дарындылар шоуына қатысты
Кілт сөздер:
үздік әнші, халықаралық байқау, Димаш Құдайберген, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып