Мәдениет

Димаш қатысатын халықаралық байқауда Нұртас қазылар алқасында болады

© Sputnik / Виктор ТолочкоДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Әлемнің үздігі" атты америкалық дарындылар байқауы 2019 жылдың ақпан айында эфирге шығады

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық актриса әрі продюсер Гаухар Нұртас Қазақстан атынан The World's Best — "Әлемнің үздігі" атты америкалық дарындылар шоуының қазылар алқасында болады.

Қазіргі таңда әлемдік деңгейде танылған үздік қазақ әншілері – Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова конкурста бақ сынайды.

"The World's Best конкурсында біз, қазылар алқасы, жеңімпазды анықтаймыз! Мен Қазақстан атынан қазылар алқасында боламын. Еліміздің намысын Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қорғайды", - деп хабарлады Нұртас.

Шоу CBS арнасында 3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жандар қатыспақ – әншілер, бишілер, цирк әртістері және сиқыршылар.

Әділқазылар – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар әділқазыларды ғана емес, әр сала қызметкерлерінен құралған 50 сарапшыны да таңғалдыруы тиіс.

Жаңалықтар
0