08:34 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Димаш Құдайберген, танымал қазақстандық әнші

"Сіздерге деген сағынышпен": Димаш Астанаға тарту жасайды

CC0 / Димаш Құдайбергеннің желідегі парақшасынан
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Димаштың жұлдызды жолы (104)
226 0 0

Шығармашылық концерт елордадағы "Астана Аренада" өтеді

АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Астанада "Арнау" атты жеке шығармашылық концертін береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астана күніне орай Димаш Құдайберген елорда төрінде тағы бір үлкен концерт өткізеді. 

"Араға екі жыл салып 2017 жылы Астана Аренада "Бастау" деген ең алғашқы жобамды назарға ұсынған болатынмын. Енді сіздерге деген махаббатпен, сіздерге деген сағынышпен екі жылдан кейін, жазда "Арнау" деп аталатын тағы да үлкен концертімізді өткізгелі жатырмын", — деді әнші ОКҚ-де өткен брифингте. 

Оның айтуынша, шығармашылық концерт елордадағы "Астана Аренада" өтеді.

Димаштың кезекті концертін өткізуге "Қазақстан" РТРК қолдау көрсетіп отыр.

 

"2019 жылы Димаштың әлемдік турнесі аясында концерттік бағдарламасын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдадық. Концерт Астана күні аясында өтеді деп жоспарланып отыр", — деді "Қазақстан" РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин.

Ол жас әншінің концерті телевизиялық жоба болатынын атап өтті.

Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (104)

Тақырып бойынша

Димаш қатысатын халықаралық байқауда Нұртас қазылар алқасында болады
Димаш Құдайберген тыңдармандары біле бермейтін кемшіліктері туралы айтты
Танымал рэпер: Димаш Қытайға бармай тұрып бәрің қайда болдыңдар?
Димаш Құдайберген: алдарыңызда басымды иемін...
Димаш Құдайберген америкалық шоу басталардан бір ай бұрын байқаудың үздігі атанды
Димаш Қытайдағы сән апталығының ашылу салтанатында – толық видео
Димаш Құдайберген Қытайдағы сән апталығын әнмен ашты – видео
Кілт сөздер:
жеке концерт, Димаш Құдайберген, Астана
Загрузка...

Басты тақырыптар