14:21 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Данэлия Төлешова

Танымал голливудтық актриса Данэлия Төлешованың әнінен кейін көзіне жас алды - видео

© Foto: Официальный сайт Детского Евровидения
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
3040 0 0

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова өнер көрсеткен бөлім CBS телеарнасында 14 ақпанда шығады

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. The World's Best америкалық таланттар шоуында Данэлия Төлешованың қандай ән шырқағаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әнші қыз өзі өнер көрсететін бөлімнің аңдатпасын жариялады. Ол CBS телеарнасында 14 ақпанда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 10:00-де шығады. Данэлия Төлешова Rise up әнін орындайды. Бұл әнді ол "Голос. Дiти" украиналық байқауының жартылай финалында шырқаған болатын.

"Сенің әніңнен көзіме жас алдым", — дейді The World's Best қазылар алқасының мүшесі, танымал америкалық актриса Дрю Бэрримор.

Төлешова өнер көрсеткеннен кейін Twitter әлеуметтік желісінде оған дауыс беруге болады. 

Данэлия Төлешова – "Голос. Дiти" украиналық байқауының төртінші маусымының жеңімпазы. Былтыр ол Қазақстан атынан "Балалар Евровидениесіне" қатысып, алтыншы орын алған еді. 

Сондай-ақ америкалық шоуда Димаш Құдайберген де бағын сынап жатыр. Ол SOS d'un terrien әнін орындап, 100 балдың 98-ін жинады. 

 

Тақырып бойынша

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінде" 6-орын алды
Данэлия Төлешова тыңдармандарына үндеу жасады
Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңіске жетті
Димаш Құдайберген Америка жұртшылығын аузына қаратты
Димаш Құдайберген бәрін басынан бастайтынын мәлімдеді
Димаш әлемдік деңгейдегі қандай композиторлармен жұмыс істейтінін айтты
"Мен тек әншімін": Димаш Қытайдағы қандастар туралы айтты
Кілт сөздер:
әнші, Данэлия Төлешова, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырыптар