12:00 25 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.19
  • EUR496.26
  • RUB5.53
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
450 0 0

Министр жас режиссер Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмін мақтады

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік ақшаға тек елдің рухын көтеретін туындыларды түсіру керектігін баса айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Не туралы екені түсініксіз, "жаны" жоқ фильмдерді көрсетуді қою керек. Виртуалды махаббат, тарихи махаббат деп неше түрлі кино түсіреді, бірақ тарих туралы ештеңе жоқ. Ондай туындылардың бізге не керегі бар? Мемлекеттік ақшаға тек халықтың намысын оятатын, елдің рухын көтеретін туындыларды түсіруіміз керек",- деді Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқасында.

Министр жас режиссер Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмін мақтады. Аталған кинокартинаны мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырған.

"Осы фильмі үшін ол Венесиан фестивалінде ең беделді үздік режиссер сыйлығын алды. Осы арқылы ол туындыда рухани, адами құндылықтарды дәріптеу арқылы халықаралық сыйлық алуға болатынын дәлелдеді. Әйтпесе, бұған дейін көрдіңіздер ғой, қазақтарды бейшара етіп көрсете береді", - деген Мұхамедиұлы режиссерлерді мағынасы терең, сапалы фильмдер түсіруге шақырды.

Ол кино тек көркем құбылыс емес, сонымен қатар бизнес екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет ірі шетелдік кинокомпанияларды тарту жұмысын мақсатты түрде жүргізіп жатыр.

Оскар - 2019: әйгілі кино жүлдеге үміткер фильмдер - фото

Тақырып бойынша

"Құралай көз, қолаң шаш..." Кеңес дәуіріндегі қазақтың ең сұлу актрисалары - фото
Самал Еслямова жаңа қырынан танылды
Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы не білеміз?
Қытайдағы қазақтар туралы фильм әлемнің назарын аударды
Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...
Назарбаевтың дауысын айнытпай салатын актер: президенттің мінезін көрсете білдім
Кілт сөздер:
Мәдениет және спорт министрлігі, кино, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып