Мәдениет

Шетелдік әнші Димаштың әнін қазақ тілінде шырқап тәнті етті - видео

CC0 / pixabay.com / Музыкант
Музыкант - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш қыздың орындауын өте жоғары бағалап, болашақта тек сәттілік тіледі

АСТАНА, 20 ақпан  — Sputnik. Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде өзінің "Ұмытылмас Күн" әнінің кавер нұсқасын жариялады. Туындыны португал әншісі Lara Aleixo қазақ тілінде шырқапты.

Әнші қыздың орындауын мақтап, болашақта жұлдыз болуын тіледі.

"Португалияның жас талантты әншісі. Қазақша ән айтқан жарасады екен. Lara Aleixo, үлкен әлемдік танымал жұлдыз болыңыз! Сізге сәттілік тілеймін!", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында пікірін білдіріп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Қыздың өзі түсіндіргендей, тарихтағы ең әдемі әндердің бірі болғандықтан, дәл осы туындыны таңдаған екен.

"Димаштың қазақ тіліндегі әнін үйренуге бел будым. Алғаш рет естігенде, Димаштың не айтып жатқанын ұқпасам да, жүрегіммен сезіндім. Саған ұнайды деген үміттемін", - деп жазды жас әнші.

Атап өтсек, бойжеткен әнді өзі әрлеп, фортепианомен де сүйемелдеген.

Жаңалықтар
0