23:06 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
737410

Жас орындаушы өзін кім жігерлендіретіні, алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға жауап берді

АЛМАТЫ, 24 ақпан — Sputnik. "Голос. Дiти. Украина" музыкалық байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешова #50целейзагод жобасының жүргізушісіне берген сұқбатында америкалық The World's Best дарындылар шоуы туралы айтып берді.

Еске сала кетсек, қазақстандық жас әнші америкалық шоудың үшінші кезеңіне сүрінбей өткен болатын.

Данэлияның айтуынша, ол конкурсқа қатысу шарттары мен әділ қазылар алқасының құрамы туралы білмеген.

"Біз бірден келісім бердік, өйткені Америкаға бару менің арманым болатын. Шоуға қатысып жүргенде, өзге қатысушыларды көрген жоқпын. Себебі бір-бірімізбен танысып, сөйлесуге рұқсат бермеді", - дейді әнші.

Данэлия жобаға тағы бір қазақстандық Димаш Құдайбергеннің қатысып жатқанынан да хабарсыз болыпты.

Сонымен қатар, әңгіме барысында жас әнші алдағы жоспарларымен де бөлісті. Данэлия өз өмірін вокалға арнамақшы, бірақ бәрі аяқ астынан өзгеріп кетуі мүмкін дейді.

 "Тағы да таңғалдырды" Димаш америкалық шоудың үшінші кезеңіне өтті – видео

"Өмірді болжау мүмкін емес қой, кез келген сәтте ойыма басқа бір нәрсе сап ете қалуы мүмкін. Әзірге, әрине, әнші болып, өнер жолындағы мансабымды жалғастырсам деймін. Әлі бала болғандықтан, үйренетін дүние көп. Ең бірінші орында ол, әрине, оқу", - деп атап өтті қазақстандық орындаушы.

Жүргізушінің сені кім және не жігерлендіреді деген сұрағына Данэлия әкесіне еліктейтінін айтты.

"Мені әкем жігерлендіреді, ол отбасымызға көмектесу үшін ештеңеге қарамастан үнемі алға жүретін адам. Оның әрекеттеріне қарап, бізді қалай жақсы көретінін түсінуге болады", - дейді әнші.

Жүргізушінің "саған қарап, ата-анаңның қандай алтын адамдар екенін білуге болады" деген сөзінен кейін Данэлия көңілі босап, жылап жіберді.

Данэлия Төлешова 2018 жылдың күзінде Қазақстан атынан "Балалар Евровидениесіне" қатысқан болатын. Байқауда "Өзіңе сен" деген әнді орындаған жас әнші алтыншы орын иеленсе, көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша үшінші орын алды.

Ал осы жылдың басында Данэлия америкалық CBS телеарнасында көрсетілетін дарындылар шоуында бақ сынады.

Тақырып бойынша

Данэлия Төлешова BraVo жүлдесін иеленді
Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңіске жетті
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады
"Балалар Евровидениесі": Данэлия Төлешова қазақстандықтарға үндеу жолдады
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінде" 6-орын алды
Димаш пен Данэлия Төлешова Америкада әлемдік дарындылар шоуына қатысты
Загрузка...

Басты тақырып