22:33 20 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Ержан Максим

11 жастағы қазақстандық бала Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратты - видео

© Кадр шоу "Голос.Дети"
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1202110

Қазақстандық Ержан Максим "Голос. Дети" ресейлік байқауының келесі кезеңіне жолдама алды

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" тележобасына қатысып, танымал әншілерді зор дауысымен таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

11 жастағы Ержан жобаға қатысу үшін Оралдан Мәскеуге арнайы келген. "Голос. Дети" жобасында ол танымал италиялық опера әншісі Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін тамылжыта орындап берді.

Оның әнді шырқаған видеосы Youtube желісінде жарияланды.

Ержанның әнді нақышына келтіре орындауы ресейлік танымалар әншілерді тәнті етті. Тележобаның әділ қазылары Валерий Меладзе, Светлана Лобода, Пелагея 11 жастағы баланың музыкалық қабілетіне жоғары баға берді. 

Қазақстандық әнші "Голос. Дети" конкурсындағы тәлімгері ретінде Валерий Меладзені таңдады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✨ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan)

"Мінеки инстадостар, өздеріңіз көріп куə болдыңыздар! Мен Валерий Меладзені таңдадым! Алда əлі жұмыс көп! Баршаңызға үлкен рахмет! Енді " Жекпе-жекте" кездескенше", - деді Ержан Іnstagram желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін 11 жастағы оралдық әнші 2018 жылы Қазақстанда өткен Junior Eurovision байқауына қатысқан.

Кілт сөздер:
видео, әнші, байқау, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып