22:04 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Берел қорғанынан табылған жәдігерлер

Мәскеуде ежелгі Қазақстанның құнды жәдігерлері көрмеге қойылады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
11010

Ресейдің қазіргі заманғы тарих музейінде "Ұлы дала алтындары" көрмесі өтеді

АЛМАТЫ, 6-наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысынан табылған Берел қорғанының құнды жәдігерлерін енді Мәскеу тұрғындары мен қонақтары да тамашала алайды.

"Ұлы дала алтындары" деп аталатын көрме Ресейдің қазіргі заманғы тарих музейінде наурыздың 6-сы мен 25-сі аралығында өтеді.

Көрмеге көздің жауын алатын қымбат алтын әшекейлермен қатар, Шығыс Қазақстандағы Берел қорғанынан табылған қару-жарақтар, тұрмыстық бұйымдар да қойылмақ. Көне жәдігерлер біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықтағы көшпенділердің өмір сүру салты мен мәдениетін көз алдымызға келтіреді.

"Ұлы дала алтындары" көрмесі Ресей астанасында өтеді. Оған Ресейдегі Қазақстан елшілігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қолдау көрсетіп отыр.

Берел қорғаны туралы не білеміз?

ХІХ ғасырдың ортасында орыстың шығыстанушы, түрколог маманы Василий Радлов Шығыс Қазақстанда сенсациялық жаңалық ашты. Ол Берел ауылы маңындағы қазба жұмыстары кезінде ескі қорғанға тап болады. Ал қорғанда ақсүйек адам жерленген боп шыққан. Онымен бірге 17 жылқының сүйегі табылған.

  • Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорғаны
    Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорғаны
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Берел қорғаны
    Берел қорғаны
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Берел қорғанынан табылған жәдігерлер
    Берел қорғанынан табылған жәдігерлер
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
1 / 3
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорғаны

ХХ ғасырдың соңында тағы бір жаңалық ашылды. 1998-1999 жылдары Зейнолла Самашев бастаған отандық археологтар ғылыми экспедиция кезінде осы өңірден тағы бір ескі қорымды анықтады. Одан 13 жылқымен жерленген бірнеше ер адам мен әйелдің мүрдесі табылған. Одан бөлек ескі қорымнан көптеген алтын әшкелейлер де шықты.

Мәскеу музейіндегі қазақстандық суретшілердің картиналары

Сейсенбіде, яғни 5 наурызда Мәскеудегі "Зураб Церетели өнер галереясы" музей-көрме кешенінде Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі өткізген "Алпысыншы жылдықтар. Түрік романтизмі" көрмесі ашылды.

Көрмеге 60-шы жылдардың соңында постимпрессионизм және мексикалық монументалистердің ықпалында өзіндік ұлттық сурет мектебін қалыптастырған отандық суретшілердің туындылары қойылды.

Жалпы, 60-шы жылдарғы суретшілердің шығармашылығы Қазақстандағы көркем ойлардың гүлдену кезеңі деп есептеледі. Сол кезде оларды "Балалар есейді" деп атады. Өйткені суретшілер бұл кезде академиялық канондардан бас тартып, өнерде өзіндік ізденіске түсіп, бөлек стиль қалыптастырды.

Сәрсенбіде, яғни 6 наурызда көрме залында Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы өзара байланысына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Айта кетсек, ресейлік аудиторияны қазақтың ежелгі тарихы мен қазақстандықтардың шығармасымен таныстыру екіжақты мәдени байланысты дамыту, Ресеймен арадағы қарым-қатынасты одан әрмен нығайту үшін жасалып жатыр.

Тақырып бойынша

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен мемлекеттік тілден емтихан тапсыруы тиіс
Қазақстан мен Қытай тарих объективінде
Лондонда "тәтті" көрме өтті
Елордада Астананың қалыптасу тарихынан сыр шертетін көрме ашылды
Кілт сөздер:
тарих
Загрузка...

Басты тақырып