Мәдениет

"Димаш жобадан кете ме?" The World's Best шоуының жаңа видеосы қызу талқыға түсті

Жазылу
Желіде The World's Best шоуының келесі бөлімінен үзінді жарияланды

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Америкалық CBS арнасындағы The World's Best дарындылар шоуының желіде жарияланған видеосы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттарын алаңдатып қойды.

Келесі бөлімнің аңдатпа ролигінде Димаш Құдайберген түскен кадрлар көрсетілген. Онда жоба жүргізушісі Джеймс Корден Димаштың мәлімдеме жасағалы тұрғанын қазылар алқасына жеткізді.

Бағдарламаға келгендердің бәрі ауыздарын ашып қалыпты, ал әділ қазылардың бірі Ру Пол қазақ әншісіне: "Сен қайда келгеніңді білдің емес пе!", - деді.

Димаш Кудайбергенов  - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш 8 наурызға қандай тосынсый дайындап жатқанын айтты – видео

Димаш Құдайбергеннің Facebook желісіндегі фанклубында тыңдармандар осы видеоны көргендегі таңданыстарын жасыра алмай, қызу талқылап жатыр. Көпшілігінің пайымдауынша, Димаш жобадан өз еркімен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдемек.

Димаштың шешімі қандай болса да, фанаттары құптап, қолдау көрсетуге дайын отыр.

Еске сала өтсек, өткен турда миллионды бағындырған дарынды әнші All by Myself әнін орындап, 30 жастағы монахиня Кристинадан басым түскен болатын. Ол кезде есеп 94:39 болып, Димаштың пайдасына шешілген.

Жаңалықтар
0