Мәдениет

Бейонсе мен Уилл Смит қазақша "сөйледі"

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуАрхивное фото кинооператора
Архивное фото кинооператора - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Disney фильмдерінде басты рөлді дубляждаушы актерлер арасында Нұрлан Әлімжанов пен Дәурен Серғазин бар

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Астанада Disney компаниясының қазақ тіліне дубляждалған 5 фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Съемка фильма, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қытайдағы қазақтар туралы фильм әлемнің назарын аударды
Биыл қазақ тіліне аударылған 5 фильм кішкентай көрермендерге жол тартады. Disney компаниясының кинокартиналарын "Болашақ" корпоративтік қоры "Өзіңнен баста" жобасы аясында дубляждаған. 

"Болашақ" КҚ директоры Динара Шайжүнісованың айтуынша, алғашқы кастингтерге 10-нан аса танымал актер шақырылған.

"Басты рөлдерді сомдайтын әртістерді Disney компаниясы бекітетіндіктен, бұл жоба отандық актерлерге кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Қазақстанның белгілі тұлғалары жобаға қолдау көрсетіп, кинотеатрлар қазақстандық отбасыларға толады деп сенеміз", - деді Шайжүнісова.

Биылғы көктем қазақстандықтар үшін режиссер Тим Бертон фантастика стилінде түсірген "Дамбо" отбасылық фильмінен басталады. 1941 жылғы танымал мультфильмнің ремейкі үлкен құлағы бар кішкентай пілдің қызықты оқиғасын баяндайды.

"Дамбо" мультфильмі 28 наурызда көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Одан кейін 12 мамырда "Аладдин", 20 маусымда "Ойыншықтар хикаясы", 19 шілдеде "Арыстан патша" және 28 қарашада "Мұзды өлке 2" картиналарының премьерасы өтеді.

Disney фильмдерінде басты рөлді дубляждаушы актерлер арасында Нұрлан Әлімжанов пен Дәурен Серғазин бар.

Режиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды
5 фильмді қазақ тіліне дубляждаудың нәтижесінде Голливудтың танымал актерлері Уилл Смит, Бейонсе, Том Хенкс, Тим Аллен, Наоми Скотт, Кристиан Белл, Идина Мензел және тағы басқа әртістер қазақша "сөйледі".

Жобаны ұйымдастырушылар қазақ тілінде дубляждалған туындыларды халыққа кеңінен таныту мақсатында ivi.ru онлайн кинотеатрымен бірлесіп, ауқымды қайырымдылық кинофестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Алматы тұрғындары жаздың басында дубляждалған фильмдерді бірнеше күн бойы ашық аспан астында тамашалай алады.

Айта кетсек, 2011 жылдан бері "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясы 27 голливудтық кинокартинаны қазақ тіліне дубляждаған.

Жаңалықтар
0