06:35 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
Димаш Құдайберген The World's Best шоуында өнер көрсетіп жатыр

Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті – видео

© YouTube / The World's Best
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
125010

Ол Adagio әнін орындағаннан кейін, балалармен сайысқа түскісі келмейтінін айтты

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Американың The World's Best шоуынан кететінін мәлімдеді.

Димаш Құдайберген Adagio әнін орындағаннан кейін, мәлімдеме жасады. Ол балалармен сайысқа түскісі келмейтінін айтып, шоуға қатысудан бас тартты.

"Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін зор қуаныш. Бүгін, ереже бойынша, мен балалармен сайысқа түсуге тиіспін. Олар өз жолын жалғастыру үшін маған кетуге рұқсат етіңіздер", - деді Димаш.

Әділ қазылар Димаштың шешіміне таңғалып, оған жарысуға келгенін еске салды.

"Біз мұнда үздіктердің үздігін табуға жиналдық. Сен қайда келгеніңді білдің ғой", - деп ренішін білдірді актер Ру Пол.

Жүргізуші Джеймс Корден жиналғандарды қазақстандықтың таңдауын құрметтеуге шақырып, Димашқа тамаша өнер көрсеткені үшін алғыс білдірді.  

"Маған аздап ренжитіндерін сездім. Алайда менің дұрыс жасағанымды олар түсінетініне сенімдімін", - деп Димаш сахнадан кетті.  

The world`s best – ғаламшардағы ғажайып таланттар сайысатын америкалық шоу. Енді финалға шығу үшін қазақстандық әнші Данэлия Төлешова мен үндістандық пианиношы Лидиан Надхасварам бақ сынайды.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты - видео
"Тағы да таңғалдырды" Димаш америкалық шоудың үшінші кезеңіне өтті – видео
Димаш ресейліктерді таңғалдырған 11 жастағы қазақстандық әншіге кеңес берді
Димаш 8 наурызға қандай тосынсый дайындап жатқанын айтты – видео
"Біз 1-орындамыз" Димаш The World's Best финалы алдындағы нәтижені жариялады
Кілт сөздер:
шоу, The World's Best, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып