13:44 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Димаш Құдайберген

Димаштың Астанадағы концерті: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады

© Sputnik / Максим Блинов
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
176 0 0

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Астанада "Arnau" атты жеке концертін береді

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Дүние жүзіне әйгілі жас қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің "Arnau" атты жеке ән кешінің билеттері 18 наурыздан бастап сатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Билет қайда сатылады?

Билеттерді сататын бас оператор – www.zakazbiletov.kz. Бұдан бөлек www.biletiastana.kz сайтында да Димаштың концертіне билет алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Сондай-ақ, Астана қаласындағы Керуен, Азия Парк, Хан Шатыр, Еуразия, Керуен Сити, Мечта сауда орталықтарында, "Қазақстан" орталық концерт залында, "Сарыарқа" велотрегіндегі "ГазЭнерджи" жанармай бекетінде, "Астана" концерт залы мен Жастар сарайында кассадан концерт билетін сатып ала аласыз.

Еліміздің өзге қалалары мен шетелде билетті онлайн сатып алуға ғана мүмкіндік бар. Қазақстанда Qiwi әмиян, Kaspi Банк, Visa және Mastercard төлем карталарымен билеттің ақысын төлеуге болады. Басқа елдерде – Visa және Mastercard карталарымен ғана.

Димаштың жаңа бейнебаяны жарияланды - видео

"Димаштың тыңдармандары көп екенін ескере отырып, сондай-ақ сатылым барысын бақылау мақсатында концерт билеттерін 2-ші кезеңде де сатуды жоспарлап отырмыз. Яғни, бірінші кезеңде билет алып үлгермегендер келесі кезеңде сатып ала алады", - дейді кешті ұйымдастырушылар.

Билетті қалай сатып аламыз?

Билетті онлайн сатып алу үшін, жоғарыда аталған сайттардың біріне кіріп, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

  1. Секторды/ билеттің категориясын таңдаңыз;
  2. Түрлі-түсті шаршыны басып, өзіңізге ұнаған орынды таңдаңыз. Билет 30 минут ішінде "корзинаңызда" тұрады. Басқа орынға билет алу үшін таңдаған шаршыны қайта басыңыз;
  3. "Тапсырысты ресімдеу" батырмасын басыңыз;
  4. Сайтқа тіркеліп, авторизация жасаңыз;
  5. Билетті алу әдісі мен төлем тәсілін таңдаңыз;
  6. Сатып алу шарттары және ережелерімен танысқаныңызды растап белгі қойыңыз;
  7. "Тапсырысты ресімдеу" батырмасын басыңыз.

Осының бәрін орындаған соң, өзіңіз көрсеткен e-mail поштаға арнайы хат келеді.

Хат келмесе, демек, e-mail пошта дұрыс көрсетілмеген немесе тапсырыс орындалмаған (тапсырыс беру уақыты 30 минуттан асып кетуі мүмкін).

Айта кетсек, 22-23 наурызда Димаш Мәскеудегі Кремль сарайында жеке концертін береді. Бұл кешті ұйымдастырушылар – ресейлік композитор Игорь Крутой мен "ДимашАли" шығармашылық орталығы.

Ал Астана күніне орай Qazaqstan телеарнасының шығармашылық ұжымымен бірлесіп өткізетін "Арнау" атты жеке ән кеші "Астана-Арена" стадионында 29 маусымда өтеді.

Димаштың Астанадағы концертіне дайындық қалай жүріп жатыр?

Тақырып бойынша

Димаштың Астанадағы концертіне билеттер қашан сатылатыны белгілі болды
Димаш ресейліктерді таңғалдырған 11 жастағы қазақстандық әншіге кеңес берді
"Біз 1-орындамыз" Димаш The World's Best финалы алдындағы нәтижені жариялады
Димаш Кремльдегі ән кеші алдында тыңдармандарына үндеу жасады
Димаш қатысудан бас тартқан шоудың жеңімпазы анықталды
Димаштың кісілігіне қайран қалдым – Данэлия Төлешова
"Димаштың жолын қуамын": Ресей әншілерін тәнті еткен қазақ баласы өзі туралы айтты - видео
Кілт сөздер:
билет, жеке концерт, Астана, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып