08:43 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Жан Маким Голос. Дети байқауында

Меладзенің өзі бұрылды: 9 жасар қазақстандық Ресей әншілерін аузына қаратты – видео

© Foto: Youtube / The Voice Kids Russia/Голос Дети
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1065950

Алматыда туып-өскен Жан Макимге jazz және pop стиліндегі музыка ұнайды

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. 9 жасар алматылық Жан Маким Ресейдің "Голос. Дети" тележобасында өнер көрсетіп, қазылар алқасын өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық жас әнші Стив Уандердің Sir Duke әнін орындады. Жас таланттың өнеріне сүйсінген Валерий Меладзе әншіге бірінші болып бұрылды.

Әділ қазылар алқасында отырған Пелагея мен Светлана Лобода да Жанның өнеріне жоғары баға берді.

Қазақстандық жасөспірім өзіне jazz және pop музыкасы ұнайтынын атап өтті.

9 жасар Жан Маким Алматыда туып-өскен. Музыкамен бала кезден айналысады. Сүйіп тыңдайтын әншілерінің арасында аты аңызға айналған Майкл Джексон, Стиви Уандер мен басқа да әлем жұлдыздары бар.

Сондай-ақ, ол футбол ойнайды, жүзу секциясына барады.

Жан Маким – ресейлік байқаудың алтыншы маусымына сүрінбей өткен екінші қазақстандық. Бұған дейін оралдық Ержан Максим әділ қазылар алқасын тәнті еткен еді. Қазақ баласы өзінің тәлімгері ретінде Валерий Меладзені таңдаған болатын.

Тақырып бойынша

Алты жасар алматылық қыз "Лучше всех!" көрермендерін тәнті етті
Құлақтан кіріп, бойды алар... Қазақ музыкасы Мәскеу халқын тәнті етті
Қазақстанның бүлдіршін аруы Максим Галкинді дарынымен тәнті етті – видео
Димаш Құдайберген "Песня года" концертінде Ресей халқын тағы да тәнті етті – видео
Шетелдік әнші Димаштың әнін қазақ тілінде шырқап тәнті етті - видео
Кілт сөздер:
байқау, әнші, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып