Мәдениет

Мәскеу жұрты Димашқа лап қойды – видео

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаш тыңдармандарымен бірге, архивтегі сурет
Димаш тыңдармандарымен бірге, архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайбергенді Мәскеу жұртшылығы құшақ жая қарсы алып, орыс халқының дәстүрімен қадірлі қонағына нан мен тұздан ауыз тигізді 

АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. 22 және 23 наурызда Кремль сарайы сахнасында өнер көрсетуді жоспарлаған Димаш Құдайбергенді ресейліктер Мәскеу әуежайынан зор қошеметпен қарсы алды. Қалың жұрт әншіге орыс халқының дәстүрімен нан мен тұздан ауыз тигізді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Димашты қаумалаған жұрт оның қолтаңбасын алып, бірге суретке түсіп қалуға тырысқан. Әуежайда Димашқа таласқан жұрттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Мен Сіздерді қатты жақсы көремін. Зор қошемет пен ілтипаттарыңызды, маған деген махаббатарыңызды қолымнан келгенше өнерім арқылы ақтауға тырысамын", - дейді видеода Димаш өзі отырған көлікті қаумалаған адамдарға.

Димаш Кудайберген во время выступления на шоу The World's Best - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті – видео
Иә, ол өз фанаттарынан қашпады, керісінше бәріне бірдей жауап беруге тырысты. Оның қарапайымдылығы, әдеттегідей жұртшылықты тәнті етті.

Инстаграмдағы парақшасында әнші осыған дейін Мәскеудегі концертіне дайындалып жатқан командасының бірнеше видеосы мен суреттерін де жүктеген болатын.

Айта кетсек, әншінің әкесі отандық бағдарламаға берген сұқбатында Димаш негізі Мәскеуде бір күн концерт беруі керек болғанынын айтқан еді. Бірақ қысқа мерзім ішінде билет таусылып қалғандықтан, ресейлік тараптың ұсынысын қайтармай, келесі күні де Димаш сахнаға шығуға келісімін берген екен.

Жаңалықтар
0