11:27 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Шымбұлақ. Архивтегі фото

Кеңес киносына кездейсоқ түскен қазақстандық орманшы туралы не білеміз?

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
750 0 0

"Айыптама соққы" комедиясына 57 жыл болса да Петр Коробко оған ойда жоқта қалай түсіп қалғанын ұмыта қоймаған

АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik, Кәмшат Сатиева. 1962 жылдың соңында Украинада жоғары оқу орнын тәмамдаған Петр Коробкоға Қазақстанға жолдама бұйырады. Медеу мен Шымбұлақта орманшының көмекшісі болған ол бір жыл өтпей белгілі актер Михаил Пуговкинмен, сол кезде есімі көпке таныла қоймаған Владимир Высоцкиймен бірге үлкен экраннан бір-ақ шығып, белгілі бір деңгейде танымал болады.

Алдымен сәл шегініс жасап, киноның не туралы болғанына тоқтала кетелік.

Максим Акбаров , Санжар Мәди және Артур Төлепов
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Кино сюжеті сол кезең үшін өте қызықты болды. Басты кейіпкер – жолдас Кукушкиннің рөлін кеңес көрермендерінің сүйікті актері Михаил Пуговкин ойнайды. Ауыл басшысы ауыл спортын дамыту туралы бұйрық алады. Ол команда жасақтап, дайындаудың орнына кәсіби спортшыларды өз ауылы атынан облыстық спартакиадаға қатыстыра салмақ болады.

Бұл оның жалғыз алаяқтығы емес еді. Осыған дейін мал шаруашылығы кешенінің басшысы болған ол, ауылшаруашылығы көрсеткішін қолдан жасаудың амалын жақсы игерген. Көрші фермадағылардың майын сатып алып, оны өздері өндірген секілді есеп өткізіп, көрсеткішін жақсартқан. Сөйтіп Кукушкиннің тасы өрге домалайды. Ал бұл жолғы қулығы іске аспай қалады. Онда да жас тілшінің кесірінен.

Кино шыққанға дейін де Михаил Пуговкиннің есімі Кеңес одағында дүркіреп тұрды. Ал кішкентай жасөспірім Владимир Высоцкийді ол кезде біле бермейтін.

Әйелдер келіп аттың шылбырына жабысты...

Қазақстанға жолдамамен келген Петр Коробко – Медеу мен Шымбұлақтағы жасыл шыршаларды өз қолымен отырғызған адамның бірі. 1962 жылы онда шырша жоқ еді, тек жоспарда болатын.

"Мен атпен Шымбұлақтан Медеуге қарай түсіп келе жатқанмын. Ол арада көпқабатты үйлер жоқ еді. Бұл 1962 жылдың желтоқсан айы немесе 1963 жылдың қаңтар-ақпаны да болуы мүмкін", - деп еске алады өткенін Коробко.

Таудың етегінде кино түсіріп жатқан түсірілім ұжымы атты адамды көре салысымен, оған қарай тұра жүгіріпті.

"Бірнеше әйел жүгіріп келіп, аттың шылбырына жабысты: "Жігітім, тоқтай тұршы. Бізге атты кісі керек еді. Киноға түсесіз бе" деп сұрады олар.  Сөйтіп менің қай жерде тұратынымды білді. "Алматы қаласы Пролетарский көшесі, 34 үй" дедім. Содан кешке үйге келіп тұр. Не болды, ойландыңыз ба дейді. Әйелім, ойбай бар, уәде етіп қойыпсың ғой деді. Содан ертеңінде белгілеген уақытта айтқан жерлеріне атпен жеттім", - дейді Петр Васильевич.

Ән салған жоқ...

Кинода ол Пуговкин мінген атты жетектеп жүруі керек болыпты.

"Киноның эпизоды бойынша мен орманшымын, өзіме қарасты – Шымбұлақ аумағын шолып жүріп, жолда бір адамды кездестіремін. Ал ол жүгіріп келе жатып, құлап, аяғын жарақаттап алған саяхатшы. Оған көмек керек. Міне, осылай кездейсоқ жолаушымды мен атқа мінгізіп, өзім ат шылбырынан ұстап кете беремін", - дейді Петр Коробко.

Сол жерде Высоцкийді кездестіріпті, алайда оның кім екенін кейін түсінген.

"Әлі есімде. Шымбұлаққа келіп едім, актерлер орманшы үйшігінің жанында тұр екен. Ішінен бір жас жеткіншек суырылып шығып, қасыма келді. Қазір оның Владимир Высоцкий болғанын біліп отырмын. Ол кезде білмеп едім. Ол кинода ән салған жоқ. Ойнаған рөлі де елеусіздеу еді. Менен атымды сұрады. Мен бердім. Өйткені ол кинода ат мініп жүретін баланың рөлін ойнаған", - деп еске алады өткен күнін ол.

25 секундтық танымалдылық, жақсы қаламақы...

"Айыптама соққы" фильміндегі сол шағын рөлі үшін Петр Коробко ақшалай сыйақы алған.

"Маған 7 сом 37 тиын төледі. Ол ақшаға қыдырып, мейрамханадан тойып шығуға болатын. Түк бітірмей алғандаймын. Ал орманшы көмекшісінің ол кездегі жалақысы 60 сом болатын", - дейді Петр Коробко.

Сол кезде ол киноға түскені үшін аса қуана қоймапты.

"Пуговкинмен әмпей-жәмпей сөйлескеніміз жоқ. Өзім де сөзшең адам емес едім. Бірақ ол кино түсірілімі кезінде менімен қалжыңдасып жүрді. "Петя, давай-давай, жарайсың..." деген секілді бір нәрселер айтатын. Ал мен разы емес едім. Өйткені ол кезде жаспыз ғой, жұмысым әлдеқайда маңыздырақ еді", -дейді бүгінде 80 жасқа толған орманшы қария.

Тақырып бойынша

Самал Еслямова үздік актриса ретінде "Азия Оскарын" алды   
Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?
"Кімді кінәлайтыныңды да білмейсің" Голливудта танылған қазақ жігітінің ашық әңгімесі
Самал Еслямованың жетпістегі әкесі: Қызым атқа мініп, мал бағып өсті
"Қазақтарды бейшара етіп көрсете береді": министр сапалы кино түсіруге шақырды
Кілт сөздер:
Кеңес дәуірі, орманшы, кино
Загрузка...

Басты тақырып