Мәдениет

Димаш "Жыл адамы" атанған Роза Рымбаеваны құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Роза Рымбаева мәдениет пен өнер саласында халықаралық сыйлықтың иегері атанды

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны марапатымен құттықтады.

Роза Рымбаева Украинда 23-ші рет өтіп отырған жалпыұлттық бағдарлама аясында "Жыл адамы" титулын иеленген. Бұған дейін бұл марапат Тото Кутуньо, Патрисия Каас сынды мықты әншілерге ұсынылды.

"Қазақстаннан жақсы хабар келіп жатыр. Қазақтың ұлы әншісі - Роза Рымбаева апамызды марапатымен шын жүректен құттықтаймын. Бақытты баянды ғұмыр кешіңіз", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Еске сала кетсек, Димаш 22-23 наурыз күндері Мәскеудің Кремль сарайында екі рет жеке ән кешін өткізді. Әншіге қолдау көрсетіп, әндерін тыңдау үшін 56 елден фанаттары Ресейге ұшып барып, қос концерт те аншлагпен өтті. 

Ал кеше Димаш Құдайберген "Центральное телевидение" бағдарламасына қатысып, француз әншісі Лара Фабианның сөзіне жазылған танымал ресейлік композитор Игорь Крутойдың "Мадемуазель Хайд" әнін тамылжыта орындады.

Жаңалықтар
0