12:52 17 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Қайрат Нұртас

"Қайрат Димашты қайталады": Гүлзира Айдарбекова ұлын сынағандарға жауап берді

© Photo: официальный сайт Кайрата Нуртаса
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
970212

Қайрат Нұртастың Дубайдағы концерті желідегі жұртқа жақпай қалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Дубайда концерт өткізген Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Жеке ән кешін берген әншіге желідегілер "Димашты қайталады" деген айып таққан. Бұл сынға Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова REVUE бағдарламасына берген сұқбатында жауап берді. 

Оның айтуынша, Қайрат Димашқа дейін шетелде талай концерт беріп үлгерген.

"Шетелдегі концертті Қайраттың 18 жасынан бастап беріп жатырмыз ғой. Бір барғанда Қытайдың он төрт, он бес, он жеті қаласында концерт беріп қайтамыз. Үш, бес, жеті, он мың адамдық стадиондарда бергенбіз. Бірінші рет бара жатқан жоқ", - деп жауап қайырды әншінің продюсері.

Гүлзира Айдарбекова Димаштың дарынын бағалап, құрметпен қарайтынын жеткізді. Ол әншілерді салыстырғандардың әрекетін әбестікке балап отыр.

"Оның (Димаштың) дауысы алты октава ғой. Ол алатын дауысты Қайрат ала алмайды. Бірақ Қайраттың өзінің ерекшелігі бар. Менің ойымша, Қайрат Димаш болып тусам деп армандамайды, Димаш Қайрат болып тусам деп армандамайды. Әрқайсысының өзінің өмір жолы бар", - деді Қайраттың анасы.

Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерді Қайраттың да көзі шалып қалыпты. Әнші сырт көздің сынын елемейтін көрінеді. Ол шетелдік сапардан ерекше әсерде оралғанын айтты. 

"Әдемі, әсерлі өтті. Қазақтар сағынып қалған. Қырғыздар, еуропалықтар, француздар, арабтар болды. Мұның бәрі қызықты сәттер. Бағаланып жатса, неге қуанбасқа?! Мен үшін (сапарды) Дубайдан бастау мотивация болды. Енді түрік еліне қорықпай бара беремін", - деді әнші.

Тақырып бойынша

Қайрат Нұртас қазақ күресінен чемпиондық белбеуге таласады
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты - видео
Димаш Кремльдегі ән кеші алдында тыңдармандарына үндеу жасады
Әнші Қайрат Нұртас концертке бара жатып жол апатына ұшырады
Кілт сөздер:
желі қолданушылары, Гүлзира Айдарбекова, Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас
Загрузка...

Басты тақырып