Мәдениет

"Бетіме тиіп кетсе қайтемін" Данэлия Төлешова неден қорқатынын айтты - видео

Жазылу
Дене шынықтыру пәніне қатыспайтын Данэлия Төлешова спортпен үйде шұғылданады екен

АЛМАТЫ, 7 сәуір - Sputnik. Украинадағы "Балалар дауысы" байқауының жеңімпазы, 2018 жылғы Балалар Евровидение байқауының қатысушысы, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "Қызық Times " бағдарламасында мектептегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Ол Алматыдағы №56 гимназияда 6-сыныпта оқиды. Ал сынып жетекшісі - қазақ тілі мұғалімі, ол Данэлияны "ханшайымым" деп еркелетеді екен. Оның айтуынша, дәрігердің анықтамасы болғандықтан, дене шынықтыру пәнінен босатылған.

"Анықтамам бар. Бір жылға. Мен осымен екінші жыл қатарынан дене шынықтыру пәніне қатыспаймын. Бірақ үйде спортпен шұғылданамын, массаж аламын. Қазір шпагатқа отырсам деп талпынып жүрмін. Ариана Гранде (америкалық әнші) құсап...", - дейді ол.

Осылай деген Данэлия өз сұқбатында дене шынықтыру пәніне қатыспаудың тағы бір ерекше себебін де айтап қалды.

Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаштың кісілігіне қайран қалдым – Данэлия Төлешова
"Ұлдар допты жақсы көреді ғой. Допты теуіп қалғанда мен шошып, басымды ала қашамын. Бетіме тиіп кетсе қайтем, содан қорқамын. Сол себепті спортпен үйде шұғылданғанды жөн көремін", - дейді ол.

Бұдан бөлек Данэлия тек бір сабақтан төрті барын айтты, ол информатика пәні екен.

"Тартпасам тартпай жатқан шығармын. Бұл пән өзіме қатты ұнайды. Онда біз болашақта ойлап табуымыз тиіс ойындар туралы шығарма жазамыз. Бірақ оны мен ойлап таппайтын шығармын", - деп қалжыңдады сөз соңында кішкентай әнші.

Данэлия мектеп асханасынан тамақтанғанды жақсы көреді екен. Ол сүйікті тамағы ірімшік қосылған самса екенін айтады.

"Асханада оқушыларға ыстық тамақ береді. Бірақ оған үлгермейміз. Өйткені 10 минут қана ғой үзіліс. Оның үстіне онда үлкен кезек болады үнемі. Себебі асхананың есігі кішкентай, тар. Мен өзім ірімшік қосылған самсаны жақсы көрем. Самса да, жемістер де сатылады асханада. Онда тек бір нәрсе тегін беріледі. Ол – ауыз су", - дейді ол.

Жаңалықтар
0