Мәдениет

Димаш Алла Пугачеваның концертінде ән айтты – видео

© Sputnik / Григорий СысоевДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемге әйгілі қазақ әншісі Пугачеваның "Любовь, похожая на сон" әнін орындады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Таңғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқады.

Примадоннаның ән кеші Мәскеуде "Crocus City Hal" концерттік залында өткен. Димаш Алла Пугачеваның "Любовь, похожая на сон" әнін жеріне жеткізіп орындады. Әнді продюсер әрі композитор Игорь Крутой сүйемелдеді.

Димаш Құдайбергеннің ВКонтакте желісіндегі фан-парақшасында әншінің сахнада өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланған.

Естеріңізге сала кетсек, әлемге әйгілі қазақ әншісінің Мәскеудегі D-Dynasty концерті 22-23 наурызда Игорь Крутойдың продюсерлік орталығының қолдауымен өтті. Кремль сахнасындағы Димаштың алғашқы жеке концертіне 56 елден фанаттар келді.

Ал 29 маусымда Димаш Құдайберген астананың туған күніне орай "Астана-Арена" стадионында "Арнау" концертін береді. Белгілі болғандай, қазірдің өзінде билеттердің жартысынан көбі сатылып кеткен.

Жаңалықтар
0