Мәдениет

Димаш Құдайберген Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды – видео

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде қазақстандық әншінің Ташкенттегі дайындығынан фото мен видео жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Желіде танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Өзбекстанда жасаған дайындығынан видео жарияланды.

2019 жыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы болып жарияланды, осыған байланысты Ташкентте бірқатар шара өткізу жоспарланған.

Видеодан Димаш француздың SOS d'un terrien en detresse әнін орындап жатқаны көрінеді. Роликті әншінің өзбек тыңдармандары Instagram-дағы фан-парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DIMASH Official Uzbek FanClub (@dimash.uzbek.fanclub)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DIMASH Official Uzbek FanClub (@dimash.uzbek.fanclub)

Айта кетейік, кеше мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ташкентте Димаш Құдайбергенмен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады.

"Достарым, еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік делегация құрамында Ташкент қаласына келдім. Екі ел басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысады.Суретте репетиция сәті бейнеленген", - деп жазды Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arystanbek Mukhamediuly (@arystanbekmukhamediuly)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arystanbek Mukhamediuly (@arystanbekmukhamediuly)

Естеріңізге сала кетейік, Димаш өзбек астанасына 14 сәуір күні келді. Әншіні Ташкент әуежайынан бір топ адам қарсы алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DIMASH Official Uzbek FanClub (@dimash.uzbek.fanclub)

Жексенбі күні Ташкентке президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол  қойылмақ. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев  Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Жаңалықтар
0