07:25 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Тоқтар мен Бейбіт, қазақстандық эстрада жұлдыздары

"Сыртымнан сөйлейді" Тоқтар Серіков кімдерге жеккөрінішті болғанын айтты  

CC0 / Тоқтар мен Бейбіттің желідегі парақшасынан
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
2825 0 0

Әнші Тоқтар Серіков омырауын ашқан Шырын мен Байзақовадан басқа қазақ қыздарының бәрін құрметтейді 

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Әнші Тоқтар Серіков "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына берген сұқбатында ашық-шашық киінетін өнердегі көп қыз-келіншекке ескерту жасаймын деп жеккөрінішті болғанын айтты.

Тоқтар Серіков: сахнадағы қызтекелерден жиіркендім      

"Аттарын айтпай-ақ қояйын, өнердегі көп қыздарға мынауың не деп ұрсып та тастағанмын. Сөйтсе олар менің сыртымнан шал дейді екен. XVII-XVIII ғасырда қалып кеткен деп сөгетін көрінеді. Айта берсін, бірақ мен оларға қазақша киін деп жатқаным жоқ қой.

Қоғам болған соң, ол қазақы орта болған соң, айналайын, әдеп сақта деймін. Мәселен, мен діндегі адаммын. Бірақ әйелімді тұмшалап тастағаным жоқ қой. Ол өнер адамы. Терезеден сығалағандай етіп, бет-аузын жауып тастасам, оның өнерінен не қадір-қасиет қалады?", - дейді әнші.

Тоқтар мен Бейбіт туралы қызықты деректер

Өзі болмысымнан қызғаншақпын деген Тоқтар Серіков омырауын ашқан Шырын мен Байзақовадан басқа қазақ қыздарының бәрін құрметтейтінін айтады.

"Көп жағдайда араша түсемін. Көбіне шындық деп шырылдаймын. Егер қазақ қызына бөтен біреу жала жауып, тиісіп жатса, оның кеңірдегін жұлып алуға барамын. Өйткені мен қазақ қыздарының бәріне қарындасым секілді қараймын. Ол жалған сөз емес. Мен болмысымнан қатты қызғаншақ адаммын. Қытайға қазақ қыздары тұрмысқа шығып жатқанда да шырылдағаным сол. Ең құрығанда, мұсылманға бұйырса деп тілеймін", - дейді ол.

Ал ашық-шашық қыздар жайлы әнші бір емес, бірнеше рет сыни пікір білдірген. Алайда соңғы кездері ол бұл әдетін тастаған, оның себебін өзі түсіндіріп берді.  

Қыдырәлі Болманов Тоқаевтың ұсынысын сынға алды

"Жер өртеп шығарған аттың не қажеті бар деп Абай атамыз айтып кеткен. Сондықтан Шырын мен Байзақованың тірлігі – арын төгіп, жұртты жинау. Басқа түк те емес. Соған алданып қалатын біз өзіміз аңқаумыз.  Көріп, соған пікір жазып, тіпті үдетіп береміз. Ол қыздың өзінде ар болмаса, ұят болмаса, иман болмаса, оларға айттың не айтпадың не, бәрібір. Қабырғадағы картинаға сөйлеген секілді ғой бұл. Бірақ біз ел болған соң, атымызға кір келтіріп жатқан соң ұяламыз. Әке-шешесі көрмеді емес, көрді ғой. Олар тоқтатпаған нәрсені мен қалай тоқтата аламын. Алайда ел алдында мұндайды айту керек, бетіне салық етіп басу қажет", - дейді әнші.

Тақырып бойынша

"Пышақ ала жүгірді" Астаналық депутат-модель қалай соққыға жығылғанын айтып берді
Атышулы экс-депутат тағы да төсін жалаңаштады - фото
Өзбек әншісі клипке ашық-шашық киіммен түскені үшін лицензиясынан айырылды
"Отанына оралтқым келеді". Болманов ашық-шашық киінетін әріптестерін сынады
Әнші Шахризат қыздардың сахнада жүруіне қарсы шықты
Хайп үшін бе? Шырын Нарчаеваның соққыға жығылғаны түсірілген видео жарияланды
Кілт сөздер:
қазақ қыздары, Шырын Нарчаева, Айжан Байзақова, Тоқтар Серіков
Загрузка...

Басты тақырып