Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің суреті әлемдегі танымал журналдың мұқабасына шықты

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұқабаның суретін қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Starbox magazine журналының мамыр айындағы нөмірінің мұқабасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.

24 жастағы әнші инстаграмдағы аккаунтында қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Starbox 2014 жылдан бері әйгілі адамдардың, шоу-бизнес жұлдыздарының сұқбаттары мен суреттерін жариялап келеді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің суреті Қытайдың танымал Men's Health  және Southern Metropolis Daily, Chic Teen журналдарының мұқабасына шыққан болатын.

Димаш Құдайберген "Голос. Дети" финалына қатысты не ойлайтынын айтты

Биыл 7 маусымда отандасымыз МУЗ-ТВ 2019 жүлдесінің арнайы қонағы болады.

Сондай-ақ, жас орындаушы 29 мамырда елордада жеке концертін беруді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0