Мәдениет

Димаштың Мәскеудегі концерті бүгін көрсетіледі: қашан және қайдан екені белгілі болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал қазақстандық орындаушының концертін екі телеарна көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Кремльде берген D-Dynasty концерті бүгін кешкі 21:00-де "Qazaqstan" телеарнасынан көрсетіледі.

Сондай-ақ, ән кешін ресейлік НТВ арнасынан Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де немесе Нұр-Сұлтан уақытымен 13 мамыр сағат 02:00-де тамашалауға болады.

Концерт 2 сағат 20 минутқа созылады.

Димаштың Кремльдегі концертіне келген мәскеуліктер: мәдени "шок" алдық - фото

Айта кетсек, Димаштың Кремльдегі жеке ән кешіне Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресей премьер-министрінің әйелі Светлана Медведева, саясаттанушы Ерлан Қарин, әнші Ерке Есмахан, сондай-ақ, ресейлік жұлдыз Анита Цой барған еді.

Телекөрермендерді не күтіп тұр?

Шамамен 3 сағатқа созылған концерт аншлагпен өтті. Әртістің өнерін тамашалауға әлемнің 50 елінен тыңдармандары келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anita Tsoy - Анита Цой (@anitatsoy)

Димаш қазақ тілінде ән шырқаған сайын залдағы көрермендер Қазақстанның туын көтеріп, желбіретіп отырды.

Әсіресе, Димаштың домбыра тартқаны фанаттарының есінде ерекше қалды. Қазақстандық әнші Дәулеткерейдің "Көрұғлы" күйін орындады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)

"Мама" композициясынан кейін әнші сахнаға отбасын шақырып, залда отырған көрермендерге жақындарын таныстырды.

Сондай-ақ, Димаш ресейлік композитор Игорь Крутоймен бірге "Любовь уставших лебедей" әнін орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

"Арнау" концерті

29 маусым күні Нұр-Сұлтанда Димаш Құдайберген "Арнау" атты жеке концертін береді.

Әншінің фанаттары үшін тимбилдинг, сондай-ақ Димаштың концерт алдында тыңдармандарымен дәстүрлі кездесуі – PRE-PARTY "ARNAU" өтеді.

Бұған қоса, Димаш қазан айында Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өнер көрсетпек.

Жаңалықтар
0