22:56 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Композитор фильмінің кадрлары

Қазақстан мен Қытай бірге түсірген алғашқы көркем фильм көрерменге жол тартты

© Photo : Казахфильм
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
155 0 0

Көркем фильм әйгілі қытай композиторы Сянь Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығы туралы шынайы оқиға желісімен түсірілген

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" орталық концерт залында 17 мамырда Қазақстан мен Қытай алғаш рет бірге түсірген "Композитор" көркем фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлады мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

"Әйгілі қытай композиторы Сянь Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов туралы бұл оқиға баршамызға бұрыннан белгілі. Мен музыкантпын, консерваторияда оқыдым, екі атақты адамның достығы туралы тамаша хикая бала күнімнен есімде. Сянь Синхай Алматыға көшіп келгенде көмек қолын созған алғашқы жандардың бірі біздің композитор еді", - деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында.

Вице-министр культуры и спорта Казахстана Актоты Раимкулова
© Sputnik / Владислав Воднев
Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова

Кинокартинаның тұсаукесеріне шығармашылық ұжым қатысады. Қызыл кілемге Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ вице-президенті Серік Жұбандықов, фильмнің қоюшы режиссері Шерзат Якуб, сорежиссер Сәбит Құрманбеков, Бақытжан Байқадамовтың рөлін сомдаған актер Берік Айтжанов, Сянь Синхай мен оның әйелінің рөлін ойнаған қытай актерлері Ху Чжунь мен Юан Чуан шығады.

Участники пресс-конференции, посвященной премьере фильма Композитор, в мультимедийном пресс-центре Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Композитор" фильмі туралы баспасөз мәслихаты өтті

Фильмнің тұсаукесерінде Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйлейді.

"Композитор" фильмі

Фильм композитор Сянь Синхайдың Кеңес Одағындағы, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кездегі өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы сыр шертеді.

  • Композитор фильмінің кадрлары
    "Композитор" фильмінің кадрлары
    © Photo : Казахфильм
  • Композитор фильмінің кадрлары
    "Композитор" фильмінің кадрлары
    © Photo : Казахфильм
  • Композитор фильмінің кадрлары
    "Композитор" фильмінің кадрлары
    © Photo : Казахфильм
1 / 3
© Photo : Казахфильм
"Композитор" фильмінің кадрлары

Көркем фильмді бірлесіп түсіруге екі елдің үкіметі бастамашы болып, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпин 2015 жылы 31 тамызда қол қойған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім аясында қолға алынды. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің нұсқауымен Ш. Айманов атындағы "Қазақстан" АҚ мен Shineworks Pictures кинокомпаниясы арасында кинокартинаны бірлесіп түсіру, қаржыландыру және пайдалану бойынша серіктестік туралы келісім жасалды.

Фильмнің түсірілімі 2017 жылы өтті. Басым бөлігі Қазақстанда түсірілген.

Тақырып бойынша

Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы не білеміз?
"Түрімді ұмытып қалды" Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты
Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?
Тәуекел Мүсілім өзінің жұмсақ мінезінен теперіш көріп жүргенін айтып берді
"Елдің бетіне қарай алмаймын" белгілі актер өзін қандай мәселе қынжылтатынын айтты
Кілт сөздер:
фильм, Қытай, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып