11:35 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
 Ержан Максим

Ержан Максим ресейлік "Голос.Дети" шоуында жеңіске жетті - видео

© Sputnik / Владислав Воднев
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
257410

Ресейлік арна басшылығының шешімімен "Голос.Дети" шоуының арнайы шығарылымында финалға шыққан балалардың барлығы жеңіске жетті. Жеңімпаз сыйлығын бірінші болып Ержан Максим алды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. "Голос.Дети" ресейлік шоуының арнайы шығарылымында алтыншы маусымның барлық финалисі жеңімпаз атанды. Бұл туралы Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст хабарлады.

Байқаудың арнайы шығарылымында Ержан Максим, Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян және Мариам Абделькадер өнер көрсетті. Әрқайсысы жеке өздері ән орындады, сондай-ақ тәлімгердің командасымен бірге ән шырқады.

Бір сағаттан артық уақытқа созылған бағдарламаны қорытындылаған Константин Эрнст шоуды шығарған компаниямен бірге дұрыс шешім қабылдау үшін түрлі жолдарды ұзақ талқылағанын атап өтті.

"Біз екінші рет дауыс беруді өткізе алмайтынымызды түсіндік. Сонымен, жобаның жеңімпаздары болып Ержан Максим, Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер және Микелла Абрамова танылды", - деді телеарнаның бас директоры.

Бірінші жеңімпаз сыйлығы қазақстандық Ержан Максимге табыс етілді.

"Ержан, енді сен Бірінші арнада ештеңе сатылмайтынын білесің", - деді Эрнст әншіге.

Сахнаға Adagio әнін шырқауға шықпас бұрын Ержан Максим жобада көп нәрсе үйренгенін айтты.

"Мен жобаға келгенде үш тәлімгердің де бұрылатынын іштей сездім. Көрермендер "Браво, браво" деп қолдау көрсетіп жатты. Осы жобада әнші болғым келетінін түсіндім, ал болашақта әлемдік жұлдыз болатыныма сенімдімін", - деді Ержан.

Айте кетсек, алтыншы маусымның әрбір финалисі бір миллион рубльден (5,8 миллион теңге) алды. Микелла Абрамова арнайы шығарылымға қатысқан жоқ.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертінде ән айта ма – министрдің жауабы
Ержан Максим The World's Best шоуына қатысуы мүмкін
Ержан Максим Микелла Абрамовамен дуэт болып ән айтты - видео
Танымал композитор Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды
Алсу қызымен бірге Ержан Максимнің концертіне келуі мүмкін
Тасмағамбетов Ержан Максиммен кездесті – фото
Кілт сөздер:
Ержан Максим, видео
Загрузка...

Басты тақырып