00:08 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Сөзбен жеткізу қиын" Мұхамедиұлы президенттер алдында өнер көрсетті

© Sputnik / Болат Шайхинов
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
11153 0 0

Концерт Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің мерейтойлық отырысына келген қонақтарға арналған

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ЕАЭО елдері президенттерінің алдында виолончельде ойнады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр фейсбуктегі парақшасында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің мерейтойлық отырысына келген қонақтарға арналған концерт табысты өткенін жазды.

"Сүйікті аспабым – виолончельді қолыма алып, РФ Халық әртісі Сергей Ролдугин басқарған виолончельшілер ансамблімен өнер көрсетіп, француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың атақты "Аққу" хореографиялық миниатюрасын орындадық. Бізді екі арфашы қыз сүйемелдеп, Аққу рөлін "Астана Опера" МОБТ жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева орындады. Жұрт алдында ойнамағалы біраз болып еді, мені билеген қуаныш сезімін сөзбен жеткізу қиын", - деп жазды ол.

Концертті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова басшысы Игорь Додон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ТМД Атқарушы комитеті төрағасы Сергей Лебедев тамашалады.

"Мезгіл жетті": Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын тойлауды түбегейлі өзгертуді ұсынды

"Мұндай құрметті қонақтардың алдында өнер көрсету – өте жауапты іс, достарым!", - дейді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, құрметті қонақтар алдында КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Дінішев, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртістері Мейір Байнеш, Медет Шотабаев, "Астана Опера" театрының солисі Мария Мудряк және тағы басқалары өнер көрсеткен.

Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр?

Айта кетсек, 29 мамыр күні Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті өтті. Отырыс Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.

Тақырып бойынша

"Мазаланбай-ақ қойыңыз". Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақынға ашуланды
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян
Кілт сөздер:
концерт, министр, Мәдениет және спорт министрлігі, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып