21:22 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Димаш Құдайберген

Димаштың алғашқы альбомы 37 секундта "платина" дәрежесіне жетті

© Sputnik / Григорий Сысоев
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
102 0 0

Әлемге әйгілі қазақ әншісінің алғашқы жеке альбомы бір сағат ішінде үш мәрте "платина" дәрежесін алған

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің iD атты алғашқы жеке альбомы тыңдармандарға жол тартты.

Әнші альбомының адам айтса сенгісіз жетістігі туралы Instagram желісінде хабарлаған.

"Бір сағат бұрын алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секундта альбом "платина" дәрежесін иеленді. Ал бір сағатта үш мәрте "платина" альбом атанды. Шексіз бақыттымын", - деп жазды Димаш.

Ол қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Әрқашан қолдау көрсететін тыңдармандарыма көп рахмет. Менің жетістігім сіздердің арқаңызда", - деді қазақ әншісі.

Айта кетсек, музыкалық туындының танымалдығын бағалау үшін бүкіл әлемде Америкалық дыбыс жазу компаниялары қауымдастығының (RIAA) стандарты қолданылады. Сатып алу немесе жүктеу саны 1 миллионнан 5 миллионға дейін жетсе, альбом "платина" дәрежесін иеленеді.

Димаштың алғашқы альбомын қайдан сатып алуға болады

Димаш Weibo қытай әлеуметтік желісінде де фанаттарына алғыс айтты. iD альбомын келесі платформалар арқылы сатып алып, жүктей аласыз:

Димаштың Қазақстандағы концерті

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда  Arnau атты жеке ән кешін өткізуге дайындалып жатыр. Концерт 29 маусымда Елорда күніне орай өтеді. Кештің билеттері көптен күткен шоуға бір ай қалғанда түгел сатылып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Билеттердің құны 500 теңгеден бастап, 50 мың теңгеге дейін жеткен.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертінде ән айта ма – министрдің жауабы
Димаш 25 жасқа толды: нумеролог әншіні не күтіп тұрғанын айтты
Ақтөбе жұртшылығы Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетті
Димаш Құдайберген Ресейге ұшып кетті
Димаш Құдайберген мен Ержан Максим Мәскеуде қызыл кілеммен жүріп өтті
Димаш алғашқы альбомы қашан шығатынын хабарлады
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып