14:51 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Отырар қаласы

Әйгілі "Ер Тұғырылдың" режиссері Қасым хан жайлы кино түсіретін болды

Анатолий УСТИНЕНКО
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
115 0 0

Фильмге Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Түркияның белгілі режиссері Метин Гюнай Түркістан облысындағы Отырар қалашығын аралады.

Қазақ хандығы мен тарихы, даңқты батыр Қасым ханның ел болашағы үшін аянбай сіңірген еңбегі жайлы тарихи фильм түсірілмек. Фильм сюжетін Ұлы Жібек жолы бойындағы осы көне қаладан бастау жоспарланып отыр. Мақсат – тамыры терең тарихымыз бен батырлар жолын тек Қазақстанға ғана емес, дүниежүзіне таныту.

Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық актер кино саласының былығын әшкереледі

Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртуымен ауқымды жобаны қолға алған танымал режиссер Метин Гюнай жылдың төрт мезгілін де қамти отырып үш жыл ішінде көп сериалы тарихи фильм түсіруді қолға алған. Кино арқылы еліміздің ұлы тұлғаларын әлемге таныту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кеңінен қолдау көрсетуде, деп жазды otyrar.kz.

"Ер тұғырыл" киносының режиссері Метин Гюнай Елбасының шақыруымен Қазақстанға келіп үлкен жобаны қолға алуда. Қасымхан жайлы киноның сценарийін керемет етіп жазып шықты. Бұл жоба — күрделі әрі ауқымды болғандықтан біз жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз",- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, Қазақстан осы ірі жобалар арқылы көне қалаларымыз Отырар, Сауран, Сарайшықтарды дүниежүзіне паш етуді көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи орындарға реставрациялық жұмыстар жүргізілмек.  

"Тарихымызды таныту арқылы Қазақстанға дүниежүзі туристерін шақыра аламыз", - деп түсіндірді министр.

"Ата топырағымызға келгеніме қуаныштымын. Осы өлкені маған арнайы келіп таныстырған министр Арыстанбек Мұхамедиұлына ерекше алғысымды айтамын. Біздің тарихымыз ортақ. Тарихи тұлғаның өмірі жайлы фильм түсіруді қолға алып жатырмыз. Дәл қазір бізге ыңғайлы орындармен танысып жатырмыз. Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы, тарихи жерлерді қарастырудамыз. Тағы да үш мекен жоспарда бар",- деді Метин Гюнай.

Тақырып бойынша

"Оскарға" ұсынылған қазақстандық фильм Америкада прокатқа шығады
Қытайдағы қазақтар туралы фильм әлемнің назарын аударды
Қазақстандықтар 2019 жылы асыға күтетін бес фильм
Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі
Кілт сөздер:
тарихи фильм, кино
Загрузка...

Басты тақырып