22:00 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Ермек Тұрсынов

"Тосын сый болады": Еуразия кинофестиваліне Голливуд жұлдызы келеді

© Sputnik / Дәурен Ерболат
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

XV халықаралық Еуразия кинофестивалі 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Халықаралық кинофестивальге Голливуд жұлдыздары қатысуы мүмкін. Бұл туралы Еуразия кинофестивалінің төрағасы Ермек Тұрсынов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, кинофестивальде 6 секция болады: халықаралық байқау, қысқаметражды фильмдер байқауы, "Еуразия жүрегінен", "Объектив", "Айрықша көрсетілім", "Нетпак таңдауы". Алғашқы екеуі негізгі конкурстық секция болып саналады.

Тағы оқыңыз: Белгілі актер жұрттың көзінше дүкенді тонап кетті – видео

"Тосын сый жасағалы жатырмыз. Голливуд жұлдыздарымен көліссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, фестивальге отандық және шетелдік кино саласының өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Netflix, Fox, Columbia pictures секілді кинокомпаниялардың мамандары болады", - деді кинофестиваль төрағасы.

Тұрсыновтың айтуынша, бұған дейін шетелдік жұлдыздар Қазақстанда қызыл кілеммен өтіп, тек қонақ болып кететін. Енді олар отандық кино өндірісінің дамуына үлес қосатын болады. 

"Олармен отандық кино өнеріне үлесін қосатындай жобаларды қарастырып жатырмыз. Танымал кино продюсерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізетін болады", - деді Еуразия кинофестивалінің төрағасы.

Брифинг барысында мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов биылғы кино фестивальге
алғаш рет Франция, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Македония елдерінің киношеберлері қатысатынын атап өтті.

Сонымен қатар ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Андрей Хазбулатов та халықаралық шарада танымал жұлдыздардың болатынын атап өтті. 

Тағы оқыңыз: "Ер Тұғырылдың" режиссері Қасым хан жайлы кино түсіріледі

"Голливуд жұлдыздары болады. Кімді шақыратынымызды алдағы уақытта айтамыз. Қазір олармен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Кинофестифальге жүзден аса фильм түскен, оның 56-сы байқауға қатысады.

Айта кетейік, халықаралық Еуразия кинофестивалі Нұр-Сұлтан қаласында 30 маусымнан 6 шілде аралығында өтеді.

Тақырып бойынша

Актер Асылхан Төлепов отандық кино саласының былығын әшкереледі
Аружан Жазылбекова түсірілім алаңында болған қызықты сәтті айтып берді
Белгісіз біреу Арнольд Шварценеггерді қос аяқтап бір тепті - видео
Канн кинофестивалінің сұлулары: көздің жауын алатын көйлектер - фото
"Тақтар ойынының" жұлдызы Пилу Асбек қазақстандық көрермендермен сұхбаттасты – фото
Кілт сөздер:
жұлдыз, Голливуд, кинофестиваль
Загрузка...

Басты тақырып