04:48 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Ержан Максимнің Нұр-Сұлтандағы концерті

"Тіл-көзден сақтасын": Ержан Максимнің алғашқы концерті қалай өтті?

© Sputnik / Абзал Калиев.
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
343 0 0

11 жастағы әншінің алғашқы концерті "Қазақстан" орталық концерт залында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстандық жас әнші Ержан Максимнің Нұр-Сұлтанда алғашқы концерті өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жас әншінің ән кеші елордадағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтті. 3500 көрерменге арналған концерт залында ине шаншар жер болған жоқ.

Концерт Ержана Максима
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ержанның алғашқы ән кешіне жиналған көрермендер

Ержанды қолдау үшін Оралдан әжесі мен атасы да келіпті. Олар Нұр-Сұлтан қаласына бүгін түсте келіп жеткен.

"Мен Ержанның әжесімін. Аяғымның ақсағанына қарамай бүгін сағат шамамен 14:00-де пойыздан түстік. Оралдан келдім. Концертке немеремді қолдау үшін келдім. Алла немеремді тіл-көзден сақтасын. Музыкалық қабілеті болған соң, балам концертін беріп жатыр", - дейді кішкентай әншінің әжесі
Гүлзира Есқалиева.

 Дедушка и бабушка Ержана Максима
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ержанның ата-әжесі

Концерт 15 минутқа кешігіп, сағат 19:15-те басталды. Мәскеу халқын мойындытқан жас әншінің концертін тамашалауға бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, "Муз-ТВ" телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров та келді.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов Ержан Максимге қандай ақыл берді

"Ержан "Аға, концертіме келесіз бе?" деді. Мен оған "Келемін" деп уәдемді беріп, осында келдім. Мен саған шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеймін. Ғажайып даусыңмен бізді қуанта бер", - деп Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Ержан Максимге өзінің ізгі тілегін білдірді.

Концертте талантты әнші Ренат Ғайсиннің "Туған өлкем" атты жаңа әнін орындады.

 Ержан Максим с концертом в Нур-Султане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ержан Максим алғашқы концертінде ән шырқап тұр

Сондай-ақ кеште Лұқпан Жұлдасов, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген сынды қазақ эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті.

Сәкен Майғазиев та Ержанның талантын атап өтіп, шығармашылық табыс тілеп, онымен бірге ән орындады.

Тағы оқыңыз: Танымал композитор Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды

"Кішкентай құлыншағымыздың ән мерекесі баршамызға құтты болсын. Бар-жоғы 11 жаста ғой. Қалың көрерменнің алдында есеп беру концертін беру кез келген әншінің басына бұйыра бермеген бақыт. Ендеше, Ержанға шын жүрегімізбен болашағының жарқын болуын тілейміз.  Бағындыратын биіктері көп болсын. Ең бастысы, құлыншағымызды Алла тағала тіл-көзден сақтасын", - деді қазақстандық танымал әнші.

Зрители на концерте Ержана Максима
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ержанның ән кешіне келген көрермендер

Ержан алғашқы ән кешінде "Жайна, Елорда", "Әке", "Ғұсни-Қорлан" және тағы басқа әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Осылайша, 11 жастағы талантты әншінің бірінші концерті аншлагпен өтті.

Тақырып бойынша

Алла Пугачева Ержан Максиммен кездесіп, ерекше құрмет көрсетті
Ержан Максимнің анасы "Голос. Дети" финалына қатысты пікір білдірді
Ержан Максим екінші орын алған "Голос. Дети" нәтижесінің күші жойылды
Кілт сөздер:
фото, концерт, Ержан Максим
Загрузка...

Басты тақырып