13:25 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
A'Studio тобы

A'Studio тобы жоспарлаған концертін өткізбейтін болды

© Sputnik / Евгений Биятов
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
25 0 0

Топтың негізін қалаушыларының бірі Байғали Серкебаев Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың жақын арада реттелетініне сенім білдірді  

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Танымал A'Studio тобы Грузиядағы концертінің уақытын шегерді. Бұл ақпаратты топ солисі Кети Топурия Sputnik агенттігіне растады.

Концерт 27 шілде күні Батуми қаласында өтуі тиіс болатын.

"Жағдай реттелгенге дейін концерт уақытын шегеретін болдық", - деді Тбилиси қаласының тумасы Кети Топурия Sputnik тілшісіне.

Топтың негізін қалаушыларды бірі Байғали Серкебаев болған оқиғаға байланысты өкінішін жеткізді.

"Батумиде концерт бара алмайтынымызға өкінеміз. Алдағы уақытта елдегі жағдай реттеліп, көрерменмен жолығамыз деп сенемін", - деді ол "Звезда" телеарнасына.

Грузиядағы жағдай

Грузияда бірнеше апта бойы наразылық акциялары өтіп жатыр. Дүйсенбі күні Тбилиси орталығында үш бірдей наразылық шарасы өтті.

Тұрғындардың бірі эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путинге тіл тигізген "Рустави 2" арнасын сынға алды. Ал өзгелері ішкі істер министрінің жұмыстан кетуін талап етіп отыр.

8 шілде күні Путин Ресей мен Грузия арасындағы тікелей әуе қатынасын уақытша тоқтатты.

Тақырып бойынша

Грузия президенті ресейлік туристер ағынын сақтап қалу қажеттігін айтты
Тбилисиде наразы халық көшеге шықты - видео
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Грузия премьерлері не туралы сөйлесті?
Ел жеңіліске ұшырады - сарапшы Грузиядағы Ресейге қарсы акциялар туралы
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Кілт сөздер:
Грузия, концерт
Загрузка...

Басты тақырып