19:54 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрі Тоқаев жолдаған эстафетаны қабылдады – видео

© Sputnik / Абзал Калиев.
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1166 0 0

Аймағамбетов Абайдың "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап" өлеңін оқып берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, ұлы Абайдың өлеңін оқып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы министр фейсбуктегі парақшасында жазып, видео жариялады. Аймағамбетов эстафета үшін ұлы Абайдың "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап" атты өлеңін таңдаған.

"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын", - деді білім министрі.

Айта кетсек, 9 жастағы оқушы Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Мемлекет басшысы эстафетаны қабылдап, "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Осыдан кейін Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Тақырып бойынша

Тоқаев 9 жасар қыздан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды – видео
Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы, білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Асхат Аймағамбетов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып