04:40 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Димаш пен Игорь Крутой

Игорь Крутой Димаштан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды 

© Sputnik / Владислав Воднев
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
2511 0 0

Игорь Крутой Абай Құнанбаевтың өлеңін оқып, эстафетаны Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовке тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Танымал ресейлік продюсер Игорь Крутой қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Қазақ ақыны және ағартушысының 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы Желіде қарқын алып келеді.

"Барлық қазақстандыққа бейбітшілік, жақсылық және амандық тілеймін", - деп атап өтті Игорь Крутой өлеңнен үзінді оқығаннан кейін.

Айта кетейік, продюсер Димаштың Нұр-Сұлтандағы жеке концертіне арнайы келіп, қолдау білдірді.

Крутой тіпті "Любовь уставших лебедей" әнін орындау кезінде әншіні сүйемелдеп отырды. Ал жақында продюсер II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталғаны белгілі болды.  

Челленджге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, эстафетаны танымал әнші Димаш Құдайбергенге тапсырған еді, ал ол ресейлік продюсер  Игорь Крутойды және миллиондаған тыңдармандарын шақырды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, бір тәулік ішінде Димаштың Instagram-дағы видеосын 86 мыңнан астам адам көрді.

Естеріңізге салайық, 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады.   

Тақырып бойынша

"Мен қазақпын": Головкин қазақ тілінде өлең оқыды - видео
Димаштың елордадағы концерті несімен есте қалды: фанаттар партия құруды ұсынды
Тоқаев Игорь Крутойды марапаттады
Тоқаев 9 жасар қыздан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды – видео
Кілт сөздер:
өлеңдер, Абай, Димаш Құдайберген, Игорь Крутой
Загрузка...

Басты тақырып