22:16 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Әділхан Макин

Димаш "Славян базарын" жеңіп алған Әділхан Макин жайлы жазба қалдырды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
775 0 0

Димаш Құдайберген Әділхан Макинді "Славян базарындағы" жеңісімен құттықтады   

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандасы Әділхан Макинді "Славян базары" халықаралық конкурсындағы жеңісімен құттықтады.

"Жеңiсiң құтты болсын! Өсе бер, өркендей бер!", – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Әділхан Макин осы жазбадан кейін Димашқа алғысын білдірді. Әншілер бірін-бірі бұрыннан таниды, 2012 жылы олар "Жас қанат" жас орындаушылардың республикалық конкурсында сайысқа түскен. Макин финалға дейін жетіп, Димаш жеңімпаз атанды.

"Димаш менің ағам, құрдасым, досым. Екеуміз 2012 жылы "Жас қанат" байқауына қатыстық. Димаш сол байқауда жеңіске жетті. Сол кезден бастап мен де жеңіске жеткім келді. Димаш маған күш-қуат беріп, қолдау көрсетті. Бәсекеге түсуді айтасыздар, онымен танысудың өзі үлкен құрмет болды", - деді Макин "Славян базарындағы" жеңісінен кейін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Makin Adilkhan (@makin.khan)

Витебсктегі музыкалық конкурс та екі орындаушыны байланыстырады.

Төрт жыл бұрын Димаш бас жүлдені алып қайтып, бүкіл әлемге танылған еді. Биылғы "Славян базарында" Әділхан Макин 180 балдан 178 балл жинап, сөзсіз жеңімпаз атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Гвердцители (@tamara_gverdtsiteli)

Әділхан Макин 1994 жылдың 5 қазанында Петропавлда туған. Оның муызкалық таланты бала күнінен байқалған. Қазір Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "эстрада вокалшысы" мамандығы бойынша білім алады.  

Тақырып бойынша

Димаштың ізімен: қазақстандық әнші "Славян базарында" көш бастап келеді – видео
Димаштың жетістігін қайталады: қазақ әншісі "Славян базарында" жеңіске жетті  
Димаш тыңдармандарын сүйінші жаңалығымен қуантты
Димаштың Нұр-Сұлтанда өткен концертінің толық видеосы жарияланды
Димаштың жетістігін қайталаған қазақ әншісі той музыкасы жайлы пікір білдірді
Кілт сөздер:
Славян базары, Димаш Құдайберген, Әділхан Макин
Загрузка...

Басты тақырып