Мәдениет

Мемлекет басшысы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаманқұлов Қазақстан президентіне өңірлердегі театрлардың шығармашылық жағдайы туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді.

© Официальный сайт Президента КазахстанаЖаманқұлов Қазақстан президентіне театрлардың шығармашылық жағдайы туралы баяндады
Мемлекет басшысы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады  - Sputnik Қазақстан
Жаманқұлов Қазақстан президентіне театрлардың шығармашылық жағдайы туралы баяндады

Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан президентіне өңірлердегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев өзіне жағынатын адамдар туралы айтты

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті. 

Жаңалықтар
0