Мәдениет

Слава Полуниннің атақты "сНежное шоуы" алғаш рет Қазақстанда қойылады

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Шоу состоит из коротких перформансов, где каждый найдет что-то свое
Шоу состоит из коротких перформансов, где каждый найдет что-то свое - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыдан 26 жыл бұрын шыққан шоуды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жақсы көреді. Басты кейіпкер – сары сайқымазақтың рөлін әйгілі Слава Полунин, Роберт Саральп және Олег Луговской сомдайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Атақты сайқымазақ Вячеслав Полунин осы күзде Қазақстанға келіп, атақты "Снежное шоуын" халық назарына ұсынады.

Шоу 5 және 8 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтсе, 11 және 20 қыркүйек аралығында Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры сахнасында көрсетіледі. Билеттер slavasnowshow.ru сайтында сатылып жатыр.

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Шоуды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жақсы көреді
Слава Полуниннің атақты сНежное шоуы алғаш рет Қазақстанда қойылады - Sputnik Қазақстан
Шоуды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жақсы көреді

Сыншылар әлі күнге дейін "Снежное (сНежное) шоудың" жанрын анықтай алмай келеді. Бұл цирк сайқымазақтарының шоуы ма, көркем перфоманс па, я болмаса таңғажайып ертегі ме?

Вячеслав Полунин шоуды 1993 жылы ойлап тауып, содан бері әлемнің түкпір-түкпірінде қойып келеді. Қайда болмасын, "Снежное (сНежное) шоу" көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қайталанбас көңілкүй сыйлайды.

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Полуниннің сайқымазақтары - бала қиялынан туған таңғажайып сиқыршылар
Слава Полуниннің атақты сНежное шоуы алғаш рет Қазақстанда қойылады - Sputnik Қазақстан
Полуниннің сайқымазақтары - бала қиялынан туған таңғажайып сиқыршылар

Полуниннің сайқымазақтары – терезе пердесін желкенге, ал баланың төсегін алып кемеге айналдырып, армандарға жетелейтін нағыз сиқыршылар. Олар – бала қиялынан пайда болған ғажайып әрі күлкілі кейіпкерлер.

Сахнаға шығар алдында Полунин актерлерден осы қойылымды алғаш рет көрсетіп жатқандай, халықтың жүрегіне "қар мейірімін" сыйлауды талап етеді.

Сары сайқымазақтың рөлін Слава Полунин, Роберт Саральп және Олег Луговской сомдайды.

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Шоу соңында зал көздің жауын алатын түрлі-түсті шарларға толып кетеді
Слава Полуниннің атақты сНежное шоуы алғаш рет Қазақстанда қойылады - Sputnik Қазақстан
Шоу соңында зал көздің жауын алатын түрлі-түсті шарларға толып кетеді

Билеттерді қайдан сатып алуға болады

Билеттерді slavasnowshow.ru сайтынан, Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайы кассасынан, Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театры кассасынан сатып алуға болады.

Телефон арқылы билетке тапсырыс беру:

Күн сайын 11:00-ден 19:00-ге дейін

  • Нұр-Сұлтан - 8 (7172) 72-72-52
  • Алматы - 8 (727) 349-99-79

Балаға да міндетті түрде билет алу керек.

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Шоу 5 және 8 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтсе, 11 және 20 қыркүйек аралығында Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры сахнасында көрсетіледі.
Слава Полуниннің атақты сНежное шоуы алғаш рет Қазақстанда қойылады - Sputnik Қазақстан
Шоу 5 және 8 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтсе, 11 және 20 қыркүйек аралығында Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры сахнасында көрсетіледі.
Жаңалықтар
0