Мәдениет

"Жылама!": Димаш фанаттарымен қалай қоштасқанын көрсетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Нұр-Сұлтандағы концертте
Димаш Нұр-Сұлтандағы концертте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде әншінің тыңдармандарымен қоштасқан сәті туралы роликке жүз мың лайк басылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында фанаттарымен қоштасуы жайлы әсерлі видео жариялады.

Роликте әнші тыңдармандарымен көлікте отырып тілдеседі. Көлікті қоршап алған фанаттар оған: Bye-bye! See you tonight! See you tomorrow! (Сау бол! Кешке кездескенше! Ертең кездескенше!) деп айғайлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаш жанкүйерлердің арасынан жылап жатқан қызды байқап, оған қарата: "Don"t cry! See you! "Жылама! Тағы көрісеміз" дейді.

Әншінің парақшасында видеодан шағын үзінді жарияланды, оған алты сағаттың ішінде 100 мыңнан астам лайк пен мыңға тарта пікір жазылды.

Тағы оқыңыз: Бүркіт пен Наташа Королеваның жұртты шулатқан бейнебаяны желіде жарияланды – видео

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 24-29 тамыз аралығында Сочиде өтетін халықаралық "Жаңа толқын" жас орындаушылар байқауында өнер көрсетеді.

Жаңалықтар
0