12:37 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Асхат Маемиров

Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : служба центральных коммуникаций
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (79)
805 0 0

Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын басқарған еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Асхат Маемиров Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан театрлары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын басқарған еді.

Асхат Маемиров туралы не білеміз?

Асхат Максимұлы Маемиров – елімізге танымал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану PhD докторы, профессор. "Болашақ халықаралық стипендиясының түлегі. 

1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Сарой ауылында дүниеге келген.

Білімі

Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын режиссура мамандығы бойынша тәмамдады.

2007 жылы "Болашақ" президенттік стипендиясының иегері атанды.

Тағы оқыңыз: "Ұйықтау үшін келген жоқпын": Нұрлан Әлімжанов өзін сынағандарға жауап берді

2008 жылы Парижде Сорбона университетінің магистратурасында білім алды.

2009-2010 жылдары Ресей театр өнері академиясының (ГИТИС) магистратурасында оқып, "Театр өнерінің магистрі" академиялық дәрежесіне ие болды.

2016 жылы докторлық диссертация қорғап, өнертану бойынша "Философия докторы" ғылыми дәрежесін алды.

Еңбек өтілі       

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Театр өнері" факульетінің деканы,  "Қазақстан халқы рухани даму қоры" АҚ вице-президенті, "Қазақ әуендері" АҚ президенті, "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымы қызметтерін абыроймен атқарды.

Тағы оқыңыз: Режиссер Талғат Теменов Тоқаевқа ұсыныс айтты

Қазақстан мен Орта Азияда тұңғыш рет "Astana Musical" мемлекеттік театрының негізін салып, 2016-2019 жылдар аралығында осы театрдың көркемдік жетекшісі болды.

Бұда бөлек, Қазақстан театрлары қауымдастығының вице-президенті, ЮНЕСКО жанындағы ұлттық комиссия мүшесі. "Халықаралық театр институты" халықаралық ұйымының Қазақстандағы жетекшісі.

Қазақстанның театр сахналарында жиырмадан аса қойылым сахналап, республикалық және халықаралық өнер фестивальдерінің бірнеше мәрте лауреаты атанды.

Марапаттары

Еліміздің өнері мен мәдениетінің дамуына сіңірген көп жылғы еңбегі және қосқан үлесі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен,  "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісімен, "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл", "Астананың 20 жылдығы"  мерекелік медальдарымен, Қазақстан президентінің грамоталарымен марапатталған.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (79)
Кілт сөздер:
тағайындау, жаңа қызмет, Қаллеки театры
Загрузка...

Басты тақырып