09:28 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Концерт, Нұр-Сұлтан

Қазақстанда Ресей мәдениеті күндері басталды

© Sputnik / Владислав Воднев
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Қазақстанда Ресейдің рухани мәдениеті күндері басталды. Осы тақырыптағы концерттер, көрмелер ұйымдастырылып, кино көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанда Ресейдің рухани мәдениті күндері басталды. Белгілі ресейлік әртістер "Несвятые святые" әдеби-музыкалық композициясын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Несвятые святые" бағдарламасын Людмила Зыкина атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары  ансамблі мен Сретенский монастырінің хоры орындады.

Христианский концерт
© Sputnik / Владислав Воднев
Ресейлік әртістер "Несвятые святые" әдеби-музыкалық композициясын ұсынды

Ашылу салтанатына Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Дмитрий Дюжев, сценарист және режиссер Оксана Шелест, РКФСР халық әртісі Александр Голобородько және Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Алексей Кузнецов та қатысты.

Христианский концерт
© Sputnik / Владислав Воднев
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Дмитрий Дюжев

"Біздің мәдени әріптестігіміз екіжақты дамып келеді. Осы жылдың күзінде Санкт-Петербургтегі Мариинский театрына "Астана Опера" гастрольдік сапармен барады. Ал келесі жылы "Астана Опера" Мәскеудегі Үлкен театрда өнер көрсетеді деп сенемін. 2020 жылы Қазақстанда Горький атындағы МХАТ, Вахтангов атындағы театр гастролі мен Эрмитаж жәдігерлерінің көрмесі ұйымдастырылатын болады", - деді Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин.

Елші Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединскийдің құттықтау сөзін оқыды.

Христианский концерт
© Sputnik / Владислав Воднев
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин мен Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Ресейдің мәдениеті Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

Тақырып бойынша

Ресей мен Қазақстан арасында жүк тасымалдау көлемі ұлғайды
Қазақстан мен Ресей шекараға қатысты мәселелерді келісті
ТМД-ның цифрлық интеграциясы: Қазақстан мен Ресей алда келеді
Ресей мен Қазақстан кәсіби білім беруді WorldSkills стандартына сәйкес дамытып жатыр
Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады
Кілт сөздер:
мәдениет, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып