21:32 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой

Абай жылы Ресейде қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтың жаңа толқынын тудырады – Швыдкой

© Sputnik / Абзал Калиев.
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (29)
53 0 0

Ресей президентінің арнайы өкілі неліктен классиктерді қайта аудару қажеттігін және орыстар мен басқа халықтардың қазақ мәдениетіне қатысуын қалай арттыру керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қазақ әдебиеті үшін жаңа серпіліс болуы мүмкін.

Ресейде арнайы жоба дайындалуда – үш орыс ақыны Абай өлеңдерін орыс тіліне аударады. Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Sputnik Қазақстанға көркем әдебиет аудармашысының жұмысының ерекшеліктері мен Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды дамыту туралы айтып берді.

Көркем әдебиет аудармашылары жетіспейді

Абайдың мерейтойы мерейтой ғана болып қалмай, сонымен қатар қазіргі әдеби өмірдің дамуына серпін беруі керек, деп санайды Швыдкой.

"Келесі жылы, Абай жылы болады, бұл қазақ әдебиетіне үлкен қызығушылық тудырады. Әрине, қазақ ойшылы қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясын "алып шығатын" локомотивке айналуы керек. Қазақстандық тараптың өтініші бойынша біздің үш жас ақынымыз Абайды аударады. Олар орыс тіліне жаңа аудармалар жасау үшін Қазақстанға келді", - деді орыс қонағы.

Швыдкой олар түркі әдебиетімен жұмыс істеген және сөздің табиғатын түсінетін өте сапалы аудармашылар екенін атап өтті.

"Қазіргі кездегі басты проблемалардың бірі – егер әдебиет туралы айтатын болсақ, аудармашылардың жетіспеушілігі. Ресейде қазақ әдебиеті мамандары өте аз, дегенмен, бұрынғы Морис Торез атындағы шет тілдер институтында (қазіргі ММЛУ) посткеңестік кеңістіктегі тілдерді, оның ішінде қазақ тілін оқытатын бөлім бар. Соған қарамастан аудармашылардың жетіспеушілігі жоғары"- деді.

Ол көркем әдебиет аудармашысы ерекше мамандық екенін баса айтты. Бұл мәдениетке, тәжірибеге бай адам. Соның арқасында ол әр сөйлемді көркемдік сұлулығын жоғалтпай, оқырманға түсінікті етіп жеткізе алады.

"Бұл тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар көптеген тілдерге қатысты. Славян тілдерінен аудару проблемасы да бар. Ескі аудармашылар кетіп жатыр, жаңалары әлі келе қоймады", - дейді Шведкой.

Швыдкой Нұр-Сұлтанда

Еске салайық, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы ғылым және мәдениет орталығы "Наши герои" халықаралық байқауына қатысқан оқытушы-кураторларды, оқушыларды марапаттады.

Оларға Ресейдің Қазақстан Республикасындағы күндері аясында елордаға келген өнертанушы, тележүргізуші, медиаменеджер, қоғам қайраткері Михаил Швыдкой дипломдар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды.    

"Бірге жасайық!" қозғалысы мен ТМД істері жөніндегі федералды агенттік, шетелде тұратын отандастар және Россотрудничество ұйымдастырған "Наши герои" акциясы 1 қыркүйекте басталды. Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Михаил Швыдкой ауқымды халықаралық жобаның жеңімпаздары мен кураторларын шын жүректен құттықтады.

Мақаланы толығырақ орыс тіліндегі нұсқасынан оқи аласыздар.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (29)

Тақырып бойынша

Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды - видео
Тоқаев әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларына қатысты тапсырма берді
Абайдың 175 жылдығы қалай тойланады – министрдің жауабы
"Шошитын еді": Ұлы Абайдың ұрпағы елордада қалай тұрып жатқанын айтты
"Ескерткіш орнатамыз": Нұр-Сұлтан әкімі Ақордада не талқыланғанын мәлімдеді
Загрузка...

Басты тақырып