11:22 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Лондондағы қазақ киносының апталығында еліміздің танымал фильмдері көрсетіледі. Туындыларды отандық кино саласының белгілі өкілдері мен актерлер таныстырады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 28 қазанда Лондонда қазақ киносының апталығы басталады. Апталықтың ашылу салтанатында режиссер Сәбит Құрманбековтың "Оралман" фильмі көрсетіледі.

"Оралман" фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жыл өткен соң Ауғанстаннан еліне оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Туындыны шетелдік көрермендерге белгілі кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фильмнің сценарий авторы Нұрлан Санжар таныстырады.

Кадр из фильма Шал Ермека Турсунова
© Photo : Кадр из фильма "Шал" Ермека Турсунова
"Шал" фильмінің кадры, режиссері - Ермек Тұрсынов
Апталықта "Қазақфильм" киностудиясы түсірген басқа да туындылар көрсетіледі. Атап айтсақ, 29 қазанда режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" тарихи драмасы назарға ұсынылады. Фильмді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, басты рөлді сомдаған актер Әділ Ахметов таныстырады. Ал 30 қазанда Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" кинотуындысы көрсетіледі. Тарихи фильмді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, басты рөлді сомдаған актер Берік Айтжанов таныстырады.

31 қазанда шетел көрермендеріне Ермек Тұрсыновтың "Шал" туындысы ұсынылады. Фильмді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер Қанат Төребай таныстырады.

Тағы оқыңыз: Әлемге танымал кинорежиссер Шымкенттегі өзі оқыған мектепке келді

Бірінші қарашада қазақ киносы апталығының жабылу салтанаты өтіп, "Айка" кинотуындысы көрсетіледі. Фильмнің көрсетіліміне режиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова қатысады.

Отандық туындылар Лондонның ең танымал VueWest End кинотеатрында көрсетіледі.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі елшілігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ұйымдастырады.

Тақырып бойынша

Қытайдағы қазақтар туралы фильм әлемнің назарын аударды
Самал Еслямова үздік актриса ретінде "Азия Оскарын" алды   
Әлемге танымал кинорежиссер Шымкенттегі өзі оқыған мектепке келді
Самал Еслямова түскен фильм "Оскар" жүлдесінің шорт-парағына ілікті
Кілт сөздер:
актер, Лондон, фильм
Загрузка...

Басты тақырып