Мәдениет

Нью-Йоркке ұшып келген Димаш Құдайберген күтпеген жағдайға тап болды - видео

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуПевец Димаш Куйдайберген выступает на торжественной церемонии открытия международного конкурса молодых исполнителей "Новая волна - 2019" в Сочи
Певец Димаш Куйдайберген выступает на торжественной церемонии открытия международного конкурса молодых исполнителей Новая волна - 2019 в Сочи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары америкалық фанаттардың әншіні өте жақсы қарсы алғанын, тіпті Димаштың өзі де мұндайды күтпегенін жарыса жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып келді. Әуежайдағы кездесу түсірілген видеолар әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Димаш Құдайбергенді әуежайдан америкалық фанаттары ыстық ықыласпен қарсы алды. Олар әншіні жан-жақтан қаумалап, суретке түсіп, қолтаңбасын алып, сыйлықтарын беріп жатты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sholpan Tabaeva (@sholpantabaeva)

Әншінің өнеріне табынушылар оны көлікке дейін шығарып салды. Олар Димашқа алғыстарын жаудырып, мәре-сәре болып, көпке дейін тарқамады. Қарсы алғандардың ішінде қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай қыз да болды.

"Америкаға ұшып келдік. Әуежайдан күтіп алған барлығыңызға алғыс айтамын. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары америкалық фанаттардың әншіні өте жақсы қарсы алғанын, тіпті Димаштың өзі де мұндайды күтпегенін жарыса жазып жатыр. АҚШ-та әншінің өнерін бағалайтындар қатары көбейген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетсек, Димаш Құдайберген бүгін, 26 қазанда Нью-Йоркте ресейлік композитор Игорь Крутойдың концертінде ән айтады.

Ал Димаштың АҚШ-тағы жеке концерті 10 желтоқсанда Barclays Center өтеді. Концерт залына 19 мың адам сыяды.

Жаңалықтар
0